ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЖАУЫ – ҚОҚЫС ЖАЙЫ... ЖАҺАНДЫ АЛАҢДАТЫП ОТЫР
5 маусым – дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні болып белгіленгеніне биыл 46 жыл толып отыр. ал, қазақстан экология саласы қызметінің құрылғанына 3О жыл болды. Осы уақыт ішінде адам – пенде не тындырды. Өзі өмір сүріп отырған ортаға қаншалықты қамқор болды. Айналаның тазалығына нендей үлес қосты?! Қазір жаһандық саясаткерлерді, ғалымдарды, қоршаған ортаны қорғаушылардың басын ауыртқан басты мәселе - қоқыс және оны өңдеу, табиғаттың тазалығы.
Экологиялық қиындықтар жиынтығы ғаламдық, аймақтық, ұлттық деңгейлерде жүзеге асады. Түрлі экологиялық факторлардың құрамында ғаламдық мәселелер жиынтығының бір бөлшегі ретінде қоқыспен күресу басты жолға қойылған. Негізгі экологиялық мәселелерге жердің сортаңдануы, теңіздің тартылуы, оның түбіндегі тұз шөгінділердің көтерілуі, ауаның ластануы болып табылады. Қызылорда облысының экологогиялық апатқа ұшырауы алдымен Арал теңізінің тартылуымен және Байқоңыр ғарыш айлағына байланысты екені белгілі. Бірақ, бүгінгі әңгіме қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіретін қоқыс, оны өндеу мәселесі болып тұр.
Соңғы ғасырда қалаларға байланысты қиыншылықтар байқала басталғаны мәлім. Оларға көптеген қалалардағы ластанудың өсуі, ластағыштардың қоршаған орта мен адам организміне түсуі, қала аумақтары мен қала халқы санының өсуі, халықтың тығыз орналасуы, мегаполистердің халық саны ондаған миллионға жететін одан да ірі урбанизацияға айналуы, табиғатты ығыстыру, табиғи ландшафттардың жасанды ландшафттарға ауысуы, адамның табиғатпен тікелей байланысының (көзбен, иіс сезу, түйсік, дыбыс арқылы) жоғала бастауы, табиғи сезім мүшелерінің жағымсыз жасандыға ауысуы және олардың қарқынды түрде өсуі бірден-бір себепкер. Жер үшін үлкен проблема халық санының өсуі. Мұндағы басты адами құндылықтар өсімі экологиялық түйткілді мәселелерге әкеп соқтырады. Адамдардың тұтынған заттарының зардаптарын ескере отырып, қазіргі көп тұтынатын бұйымдардың өміршеңдегі алаңдатады. Тұрмыстық қалдықтармен күресу әлем бойынша маңыздылығын жоғалтқан емес. Бүгінде мұндай қалдықтардың 97 пайызы алдын ала сұрыпталмай, санитарлық стандарт талаптарына сай емес күйде бейімделмеген қоқыс алаңдарына шығарылады. Еуропалық елдерде қоқыстардың 80 пайызы қайталама шикізат ретінде пайдаланылып, табыс көзіне айналған. Мысалы қоқыстардың жойылу мерзіміне тоқталар болсақ, ас қалдықтары бір ай көлемінде, жануарлар мен құстардың саңғырығы мен тезегі өздігінен жойылуы үшін он, он бес күнде, газеттің өздігінен жойылу мерзімі 1 айдан 3 айға дейінгі уақыт аралығында, тауарға қапталатын картонның жойылуы үшін 3-4 ай қажет етеді. Ал, табиғаттың өзінің күн сайын ластанатындығына дәлел – қурап, үзіліп түскен жапырақ пен құрғақ бұталар 3-4 айға дейін уақытта, кеңсе қағаздары 2 жылда, консерві қалбырларының жойылу мерзімі 10 жылды құраса, құрылысқа арналған арматуралары 11-13 жылда, кірпіш пен бетоннан тұратын қалдықтар мен қоқыстың жойылуы, автокөлік аккумуляторы 100 жылды алады. Батарейкалар 100 жылдан асса, доңғалақ тысы 120-140 жыл, жалпы өмірде жиі кездесетін, аяқтың астында оралғы болатын қаңылтырлы банкілер 500 жылды қажет етеді. Шыны қалдықтарының жойылу мерзімі 1000 жылдан асады.
Жоғарыда аталған тұрмыстық қалдықтар біз өмір сүретін ортада да жиі кездеседі. Күнделікті үй шаруасына пайдаланып, мерзімі біткенде пайдасыз заттар қатарына қосамыз. Бірнеше жылды былай қойғанда ғасырлар бойы шірімейтін қалдықтар адам денсаулығына айтарлық зиянын тигізеді. Қарапайым қолданыстағы заттарды кез-келген жерге лақтыра салу арқылы экологиямызға зор қауіп төндіретінімізді ойлап жүрген ешкім жоқ. Баршамызға білінбеуі мүмкін дегенмен, әрбір тұрмыстық қалдықтардың артында химиялық тағы да басқа қауіп-қатерлер жиынтығы жатыр. Жалпы алғанда жасыл экономикаға енуіміз үшін осы қоқыс қалдығын өңдеу деңгейін зерттеген әріптесіміз 2030 жылы 40 пайыз, 2050 жылға қарай 50 пайыздан жоғары болуы тиістігін айтады. Бүгінде Қазақстанда милиондаған тонна қоқыстың 2,6 пайызы ғана өңделетін көрінеді. Қалған қоқыстар арнайы полигондарға тасталғанымен оның ауаны, қоршаған ортаны бүлдіріп жатқаны анық.
Тазалығымен әлем халықтарын тамсандыратын Германия қоқыстарды белгіленген орындарға тастауды Заңмен міндеттейді екен. Өткен ғасыр тоғысында ғаламдық проблемалардан арылу үшін 100-ден астам мемлекеттерде қоршаған ортаны басқаратын министрліктер, департаменттер мен агенттік құрылып, тиімді жұмыс жүргізу тетіктерін тапты. Осылардың арқасында 1970 жылдан бастап экологиялық дағдарыстан шығу жолдарын бірге зерттеуге қол жеткізілген. Ең алғаш табиғат қорғау проблемаларына арналған І Халықаралық жиын 1971 жылы Чехияда өткен. Осыдан кейін халықаралық табиғат қорғау ұйымы толағай табыстарға жетуге ықпал жасайтын басқосулар мен конференциялар ұйымдастырады. Швейцарияда әрбір тұрғын қоқысты сұрыптап төгуге міндеттеледі. Олар шыныны шыныға, металды металға, қағазды қағазға тастауға мүдделі. Сонымен қатар Сингапур сияқты елдер әлемдегі экологиялық ең таза мемлекеттер қатарында, алдыңғы орында тұрады. Бұл тұрғыдан алғанда Жапония мемлекетінің де тазалық жөнінде алдыңғы орында екенін айта кеткен орынды. «Қоқыс ханшайымы» атанған қытайлық Чжан Иньнің бизнесінің негізі қажетсіз қағаздардан құралады.
Қоқыс көбейген сайын адамдар техногендік қиындықтармен бетпе-бет келеді, олар түрлі дертке шалдыға бастайды. Жалпы алғанда қоқыспен күрес қоғам болып жұмылғанда ғана өз нәтижесін береді. Демек, алғашқы орында адам санасының жаңғыруы қажет-ақ. Себебі күнделікті тіршілікте қоршаған ортаны, айналаны, ластау қарекеті белең алғалы мәдениетсіздіктің шырқау шегіне жеткен жайымыз бар. Бүгінде қоғамдық орындарда, жекелеген орындарда қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру қағидаты бір жолға қойылмаған. Көп қабатты үйлердің аумағында жағдай тіпті мүшкіл. Алысқа бармай-ақ, кенттегі этажды үйлерді бір аралап көрсеңіз жеткілікті.
Бүгінде 2018 жылдың 27 ақпандағы 759-ө өкімімен «Облыс елді-мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» облыс әкімінің өкіміне сәйкес, 2018 жылдың 7 наурызында аудан әкімдігінің «Аудан елді-мекендердің санитарлық тазарту, көркейту-көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» №102-ө өкімі қабылданып, аудан бойынша санитарлық тазалық, көркейту көгалдандыру екі айлығының іс-шара жоспары бекітілген болатын. Осы іс-шараға байланысты аудан аумағында сенбіліктер ұйымдастырылып, жұмыстар тыңғылықты атқарылды десе де болады. Арнайы рейд құрамында апта сайын болып, журналистік зерттеу жасағанда байқағаным тұрғындардың тазалыққа немқұрайлы қарайтыны. Әр үйдің сыртқы ауласын таза ұстауға байланысты көзқарасымызды жеткізгенімізде енді тазалайтындықтарын тілге тиек етеді. Сонда арнайы мамандар қадағалауға алмаса, үйлерді араламаса, ескертпесе, айыппұл салмаса қоқыстың ортасында отыра бермекпіз бе?
Соңғы кездері кент көшелерінде қызғылт, сары түсті жәшіктер пайда болды. Ол қоқыстарды сұрыптап салуға арналған ыдыстар. Бірақ, оған мән беріп жатқан немесе қызығушылық танытқан тұрғындарды да көрмедік.
Біздің айтпағымыз, күнделікті үйден шығатын қоқысты, түр-түрге бөліп, арнайы жәшікке салуды үйренейік. Бұл айналадағы тазалыққа қосқан мысқалдай үлесіміз болмақ.
Б.ОРДАБЕКОВ