Кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама арқасында кондитерлік цех ашып, игілігін көруде

Журналистерге арналған баспасөз туры барысында танысқан кәсіпкер Айнұр Баймаханова «Даму» Қорының субсидиясын пайдалана отырып «Қазақстан Халық банкінен» өндіріс үшін ғимаратпен жабдықтар сатып алуға несие алған.
«Ainurs cakes» ЖК кондитерлік өнімдер өндірісі 2016 жылдан бастап айтарлықтай тәжірибе жинады. Негізінен нан-тоқаш және ұн кондитерлік өнімдерін шығарады. Кәсіпорын табысының кепілі деп кәсіпкердің кең ассортиментінайтуға болады. Айнұр кондитерлік өнімдерді өз рецепті бойынша өндіреді және тұтынушыларға дайын күйде, тапсырыспен сатады.
«Цехта барлық қажетті жабдықтар бар, сақтау үшін оңтайлы температураны сақтайтын арнайы өнеркәсіптік тоңазытқыштар мен мұздатқыштар қолданылады. Тұрақты клиенттерім көп, ассортиментінің алуандығы мен табиғи құрамының арқасында тұтынушылардың ықыласына бөленіп жүрмін. Өнімдер күн сайын шығарылатындықтан жаңа піскен дәмді өнімдерге сұраныс мол», - деді Айнұр Баймаханова.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі