Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елімізде 50,2 млн тонна жем дайындалды

Елімізде 50,2 млн тонна жем дайындалды

Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жем-шөп өндірісін дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жем-шөп дақылдары үшін суармалы жерлердің алаңдарын кеңейту, жем-шөп дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында ведомство жем-шөп өндірісін дамытудың Жол картасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылы өңірлердің деректері бойынша жем-шөп дақылдарының егістік алқаптары 3,2 млнбгектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылатын жем-шөп үлесі шамамен 14% құрады (2023 жылы-13%).

24,5 млн тонна шөп (бір жарым жылдық – 36,7 млн тонна), пішен - 1,7 млн тонна, сабан – 4,6 млн тонна, концкорм – 5,5 млн тонна және сүрлем – 2,0 млн тонна дайындау жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 18 қарашадағы жағдайы бойынша 34,9 млн тонна көлемінде шөп немесе бір жылдық жоспардан 142,6%, 2 млн тонна пішен немесе жылдық жоспардан 117,6%, 5,6 млн тонна құрама жем (102,2%), 2,3 млн тонна сүрлем (117,9%) және 5,1 млн тонна сабан дайындалды (111,9%).

Жалпы, Қазақстанда жем-шөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжануда.

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
18 қараша 2024 ж. 60 0