Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еурохаттама полицейдің қатысуынсыз құжат рәсімделеді

Еурохаттама полицейдің қатысуынсыз құжат рәсімделеді

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мардымсыз жол-көлік оқиғалары болған жағдайда, азаматтар полицияны шақырмай және соттың шешімінсіз жеңілдетілген тәртіппен сақтандыру оқиғасын ресімдей алады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша соттардың жұмысын оңтайландыру мақсатында бүгінгі күні халықты ақпараттандыру мен Еурохаттаманы кеңінен қолдануға бағытталған бірқатар іс шаралар жүргізілуде.

Көлік жүргізушілердің айтуларынша, елімізде жол-көлік оқиғасын рәсімдеу өте ұзаққа созылады. Алдымен оқиға орнына патрульдік полиция келіп, хаттама толтырса, сосын апатты жағдайға тап болған жүргізушілер медициналық мекемеге барады және кім кінәлі екенін анықтау үшін соттың көмегіне жүгінеді.

Олар осыдан соң бір-бір жарым айдан кейін ғана сақтандыру төлемдеріне қол жеткізеді. Енді бұл процесс айтарлықтай жеңілдеп отыр. Енді көлік жүргізушілер кішігірім жол көлік оқиғаларына тап болса, сақтандыруды полицияның қатысуынсыз рәсімдей алады.

Жол көлік оқиғасына қатысушылардың мобильдік нөмірлері Азаматтардың мобильдік базасында тіркелген болуы тиіс. Жол көлік оқиғасына екі қатысушы да «Еурохаттама» қосымшасын жүктеуі және жол көлік оқиғасы бойынша мәліметтерді толтыруы қажет.

«Еурохаттама» қосымшасы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда  +7 (727) 339 31 88 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласу қажет.

Еурохаттама, егер:

1) Жол көлік оқиғасына екі көлік құралы ғана қатысса;

2) Жол көлік оқиғасына қатысушыларда қолданыстағы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру болса;

3) Жол көлік оқиғасы нәтижесінде жол көлік оқиғасына қатысушылардың көлік құралдарына ғана шығын келтірілсе (өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген зардап шегушілер болмаса, үшінші тұлғалардың мүлкі бүлінбесе);

4) Жол көлік оқиғасына қатысушыларда бір тараптың кінәлі, екіншісінің зардап шегуші болуына қатысты келіспеушілік болмаса;

5) келтірілген шығынның шекті сомасы 100 АЕК-ке дейін – 2024 жылғы

1 қаңтардан бастап 369 мың теңге болса, қолданылады.

Еурохаттаманың тиімділігі;

Біріншіден, азаматтар жол-көлік оқиғасын рәсімдеу үшін енді полицияны күтпейді.

Екіншіден, оқиға кезінде жүргізушілер әкімшілік жауапкершіліккее тартылмайды.

Үшіншіден, сақтандыру төлемдерінің мерзімі қысқарады. Бұрын мұндай жағдайда сақтандыру төлемін алу 30 күннен 90 күнге дейін уақыт алса, енді бұған бар болғаны 5 күн уақыт кетеді.

Дархан КҮЗЕРБАЕВ  ,
Сырдария аудандық сотының әкімшісінің жетекші маманы
04 қараша 2024 ж. 102 0