Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылу беру маусымына дайындық жүйелі

Жылу беру маусымына дайындық жүйелі

Күз келіп, күн салқындаған сайын облыста жылу беру маусымына дайындық шаралары қарқынды жүргізілу үстінде. Жылу беру маусымының уақтылы әрі тиімді басталуы үшін тиісті сала мамандары үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Сәйкесінше, облыс көлемінде үйлер мен мекемелерге жылу беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру үшін барлық қажетті шаралар қолға алынған.

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген мәліметінше, аймақтың жылу беру маусымына арналған көмірдің жалпы қажеттілігі 162,5 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде, тұрғындар үшін 134,6 мың тонна, ал әлеуметтік нысандарға 27,9 мың тонна көмір қарастырылған. Бүгінгі күнге дейін өңірге 68,8 мың тонна көмір жеткізілген. Бұл жалпы қажеттіліктің 42,3 пайызын құрайды. Қазіргі уақытта қала мен аудан көлеміндегі көмір қоймаларында 32,9 мың тонна нақты көмір қоры сақтаулы тұр. Сондай-ақ, облыс аумағында тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз ету мақсатында 26 өңірлік оператор жұмыс істейді. Бұл операторлар тұрғындар мен әлеуметтік нысандардың көмір қажеттілігін үздіксіз қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото ашық дереккөзден алынды
14 қазан 2024 ж. 108 0