Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария ауданында күріштен мол өнім алынуда

Сырдария ауданында күріштен мол өнім алынуда

Аудан бойынша егілген 21,8 мың гектар күріштің 9,0 мың гектары орылып, 7,0 мың гектары бастырылды. Тиісінше, егілген әр гектардан орташа есеппен 50,0 центнерден өнім алынуда. Күзгі егін жинау науқанына ауданда барлығы 989 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда.

Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында биыл диқан қауымына су қажетті деңгейде жеткізілді. Шаруашылық құрылымдары егілген ауыл шаруашылығы дақылдарына күтіп-баптау жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай жүргізді.

Сонымен қатар, егін жинау жұмыстарына қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен, жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілді.

Аудандағы ірі шаруашылықтардың бірі – Н.Ілиясов ауылындағы «Мағжан и К» ЖШС биыл жалпы 4291 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп, бүгінде жоғары көрсеткіш көрсетуде. Оның ішінде, 2520 гектарға күріш егіп, бүгінде жоғарғы көрсеткішке жетіп, әр гектарынан орташа өнім 67,0 центнерден өнім алуда. Бұдан бөлек, серіктестікте 664 гектарға бидай, 1107 гектарға ескі жоңышқа дақылдары егіліп, жиналды.

Қазіргі таңда ауданда егін жинау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

18 қыркүйек 2024 ж. 178 0