Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Аудан әкімі белсенді азаматтарды марапаттады

Аудан әкімі белсенді азаматтарды марапаттады

Өткен аптада Сыр өңірінде «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – ауылды дамытудың негізі» атты республикалық семинар өткен болатын. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Парламент Сенатының, Мәжілісінің депутаттары, Ұлттық экономика, көлік вице-министрлері, министрліктердің комитет төрағалары, республиканың өңірлерінен облыс әкімдерінің орынбасарлары, ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары және ірі шаруашылық құрылымдарының төрағалары арнайы келіп қатысты.

Делегация өкілдері семинар барысында Нағи Ілиясов пен Бесарық ауылдарының тыныс-тіршілігімен танысты және тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне куә болды.


Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев аталған іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқандарға шынайы алғысын жеткізіп, бірқатар азаматты облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.
23 тамыз 2024 ж. 317 0