ТЫМ ҰЗАҚ ТҮНГІ ҰЙҚЫНЫҢ ЗИЯНЫ
Көпшілігіміз түнде 8 сағат ұйықтауға тырыссақ та, ол үнемі қолымыздан келе бермейді. Бұл адамға қажет ұйқының нақты мөлшері деп қабылданған, алайда қазіргі кезде кейбір мамандар оның тым көп және денсаулыққа зиян болуы мүмкін деп пайымдайды. Барлығымыз аз ұйықтағанның жаман екенін білеміз. Өзімізді нашар сезініп, ашуланшақ болып кетеміз, оның үстіне дәрігерлер оның артық салмаққа, қан қысымының жоғарылауына, қан диабетіне және жүрек ауруларына әкелетінін айтуда. Ал тым ұзақ ұйқы ше? Адамдар ол туралы көп шағымданбайды. Бірақ, осы 10 жыл бойы жүргізілген зерттеу бойынша, 6 сағаттан аз және 8 сағаттан көп ұйықтаған ересектердің өмірі күніне 6-8 сағат ұйықтағандардың өміріне қарағанда қысқа болады екен. Ғылыми тілмен айтқанда, 6-8 сағат мөлшерін сақтамайтын адамдардың өлім-жітім деңгейі жоғарылай түседі. Уорик Университетіндегі жүрек аурулары мен эпидемиология саласының профессоры Франко Капуччио, бір миллион адам өздерінің ұйқы әдеттері туралы айтқан 16 зерттеу өткізген. Капуччио сол адамдарды үш үлкен топқа бөлді: • Түніне 6 сағатан кем ұйықтайтындар • Түніне 6-8 сағат ұйықтайтындар • Түніне 8 сағатан артық ұйықтайтындар Оның анализі анықтағандай, аз ұйықтаған адамдар орташа мөлшерде ұйықтағандарға қарағанда 12%-ға жиірек қайтыс болды. Оның өз теориясы бойынша 8 сағаттан артық ұйықтаған адамдардың денсаулықтарында сол кезде-ақ белгілі бір аурулар болған, тек олардың белгілері әзірше байқалмаған екен. Осылайша, өлім қаупін тудыратын ұзақ ұйқы емес - жасырын ауру. Бірақ, онымен келіспейтіндер де бар. Аризона штатының Университетіндегі профессор Шон Янгстед 14 жас ересек адамдарға зерттеу жүргізіп, оларға 3 апта бойы екі сағатқа артық ұйықтауға бұйырды. Олар "күйзелістік көңіл-күйге" ұшырап қана қоймай, IL-6 атты протеиннің қандағы мөлшерінің өсуін бақылаған екен, ал ол өз кезегінде қабынуға әкеп соғады.
Бірақ, егер алты сағаттық ұйқы ересектер үшін тым аз, ал сегіз сағаттық "Орташа ересек адам сол сауалнамада 7 сағаттық ұйқыны таңдады”. Ал, бұл – әлем ересектерінің ұйқы ұзындықтарының медианасы. Бұл жеті сағаттық ұйқының адам миы үшін табиғи екендігін көрсете алады". Бірақ, егер сіз ұйықтағаннан ләззат алсаңыз, көп ұйықтап, өзіңізді жақсы сезінсеңіз, еш уайымдамаңыз. Артық ұйқы сағаттары немесе жай ғана демалып жату өміріңізді қысқартып тастайды деген ешқандай тікелей дәлел жоқ.

Пікір 1