Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық даму басқармасы іргелі істердің ізінде

Қоғамдық даму басқармасы іргелі істердің ізінде

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этносаралық қатынас, мемлекеттік ақпараттық саясат, жастар саясаты мәселелері, сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру. Мұның барлығы да қоғамдық даму басқармасының атқаратын негізгі қызметтері. Облыс көлемінде атқарылып жатқан игі істердің ізіне үңілсек, қоғамдық даму басқармасының қолтаңбасын анық байқауға болады. Бүгін аймақтың бас ақпарат алаңында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов 6 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысын мәлімдеді.

Брифинг барысында басқарма басшысы БАҚ қызметкерлерінің еселі еңбегін тілге тиек етті. Сондай-ақ Журналистер қауымының кәсіби мерекесі аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

- Биылғы жылдың 28 маусымында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай дәстүрлі «Қанатты қалам» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мерекеде аймақтың ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар БАҚ өкілі облыс әкімінің арнайы марапатына ие болып, құрмет төрінен көрінді. Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Бихожаева «Құрмет» орденімен, «Qyzylorda» телеарнасының бас инженері Бақытжан Шүкенов, «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат Шарабидинов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бірқатар БАҚ қызметкеріне облыс әкімінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің марапаттары табысталды. Мұнан бөлек, үздіктерге түрлі номинация берілді. Одан бөлек, биыл алғаш рет Сахитжан Бермағанбетов атындағы журналистер арасында кіші футболдан облыстық турнир өткізілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ,- деді Алмасбек Әбілқасымұлы.

Брифингте Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» жобалары туралы айтылды.

- Жалпы, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, толыққанды қызметін қамтамасыз ету мақсатында түрлі форматта, барлығы 67 шараөткізіліп, оған 5000-ға жуық адам қамтылды. Мемлекет Басшысының Түркістан және Атырау қалаларында өткен Ұлттық Құрылтайларда ономастика саласы бойынша берген тапсырмалары негізінде бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Қазіргі таңда ономастика саласында өзектендірілген «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары», «Дәстүрлі атаулар» тізімдері мен Әдістемелік ұсынымдар басшылыққа алынуда,- деді Алмасбек Әбілқасымұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
17 шілде 2024 ж. 513 0