Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 53 газет

06 шілде 2024 ж.

№ 52 газет

02 шілде 2024 ж.

№51 газет

29 маусым 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Мемлекет басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ардагерлер ұйымының төрағасы, Ұлттық Құрылтайдың депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, қазір 2 жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, «Дәнекер» бастамасы қолға алынған. Оның нәтижесінде соңғы 4 жылда 6896 даудың 4563-інде тараптар істі сотқа жеткізбей келісімге келген. Ал мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған «Іскерлік және жанашырлық» жобасы қазір Атырау, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында іске асырылуда.

Бұдан бөлек, Президентке ардагерлердің «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды жүзеге асыруға белсенді атсалысып жатқаны жөнінде баяндалды. Олар су тасқынымен күрес кезінде халықты сабырға шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде Мемлекет басшысына мұнай-газ, ауыл шаруашылығы салаларына, өңірлерде азық-түлік бағасын тұрақтандыруға және дін мәселесіне қатысты ұсыныстар берілді.

30 мамыр 2024 ж. 86 0