Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 19 мамыр ЖИТС-ауруынан (СПИД) қайтыс болғандарды еске алу күні

19 мамыр ЖИТС-ауруынан (СПИД) қайтыс болғандарды еске алу күні

Жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісі әлем ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күнін атап өтеді. Биыл бұл күн 19 мамырға сәйкес келді.

Өткізу мақсаты – ХХІ ғасырға бізбен қатар аяқ басқан «оба» аталған дерттен көз жұмғандарды еске алу, қоғамның назарын аудару, осы жұқпамен өмір сүріп жүрген адамдарға және олардың жақын-жуықтарына, достарына қолдау көрсету, халыққа АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары, сақтану шаралары жөнінде жайлы мәлімет беру, АИТВ-дан сақтанбаған кез келген адам инфекция құрбаны болуы мүмкін екенін ескерту, саламатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Алғашқы рет еске алу күні 1983 жылы АҚШ-ның Сан-Франциско қаласында бір топ адамдармен өткізіліп, әрі қарай үрдіске айналды. Кеуделеріндегі қызыл лента — еске алу, АИТВ-жұқпасымен өмір сүрушілермен ынтымақтастық, АИТВ-жұқпасы ұлтты, жасты, лауазымды таңдамайтынғын түсіну белгісі ретінде тағылады.

30 жылдан астам тарихы бар дертті бүкіл әлемде 65 млн. адам жұқтырған, олардың 25 млн. ЖИТС зардабынан қайтыс болған.
Қазақстан Республикасында осы жылдың 4 айында 1362 адам тіркелсе, өсуімен алғанда 52513 адам, ал біздің облыста 2024 жылдың 4 айында 20 адам тіркеліп, өсуімен 319 адам болды.

Ай сайын біздің елімізде 300-ге жуық, ал бір жылда 2000 астам адам АИТВ-ны жұқтырады. АИТВ жұқпасының таралуында шекара жоқ және жұқтырғандар саны әлемде әр минут сайын 10 адамға көбейеді екен.

Дертпен күресу бір медицина қызметкерлерінің күші жетпейтіндігі айқын. Қоғамның әрбір саналы мүшесі осы проблема бар екенін, жылма-жыл көбею үстінде екенін және өз жанұясына, достарына жауапкершілікті болуды түсіну арқылы бұл эпидемияны азайту, әрі қарай тоқтату мүмкіндік болмақ.

Денсаулық баға жетпес байлық, оны сақтау үшін саламатты өмірді таңдайық!

 А.ОРАЗБАЕВА,
Қызылорда облыстық АИТВ-инфекциясын алдын-алу орталықтың
Сырдария аудандағы психоәлеуметтік
кеңес беру кабинетінің дәрігері
Фото:kz.otyrar
21 мамыр 2024 ж. 146 0