Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-2024: Өтініш қабылдау басталды

ҰБТ-2024: Өтініш қабылдау басталды

2024 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау басталды. Түлектер тестке қатысуға өтінішті 6-14 мамыр аралығында тапсыру керек, деп жазады Egemen.kz.

Тестілеудің өзі 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады. Алайда төтенше жағдай режимі жарияланған 6 өңір: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының мектеп бітірушілері үшін тіркелу уақыты 6-20 мамыр аралығына дейін ұзартылады. Олар 25 мамыр мен 12 шілде аралығында тест тапсыру қажет.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2024 жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

Түлектер ҰБТ-ға қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO қосымшасы арқылы тіркеледі. Талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдайды. Бұл ретте олар екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгілейді.

«Оқу жылының басында ҰТО сайтында тест тапсырмалары құрастырылған оқулықтар тізімі мен тест жоспары; «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша 100 тарихи дата тізімі; «Информатика» пәнінен терминдер тізімі; «Қазақ әдебиеті» және «Орыс әдебиеті» бойынша әдеби шығармалар тізімі жарияланды.

Тестілеу форматында өзгерістер жоқ. 2024 жылғы талапкерлер үш міндетті және таңдау бойынша екі пәннен тест тапсырады. «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарды. Бұл бейіндік пәндер бойынша сұрақтар санын 40-қа дейін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылды.

Осылайша, ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды», делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында.

Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут). Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут уақыт беріледі.

Фото: kazaknews.kz
06 мамыр 2024 ж. 153 0