Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «Қызылорда-Құмкөл» автожолы кеңейтіледі

«Қызылорда-Құмкөл» автожолы кеңейтіледі

Бұған дейін «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының теңгерімінде болған «Қызылорда-Құмкөл» автожолы қаланың еншісіне өткені белгілі. Осыған орай, аймақ басшысының бастамасымен, демеушілердің көмегімен үлкен жолды қайта жаңғыртуға арнайы жоба әзірленуде, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Аспалы көпірден бастап, Жезқазған трассасына дейінгі аралығы 11 шақырымды құрайтын жолды қайта жаңғырту жобасы жақын күндері басталады. Құны 2,4 млрд. теңгені құрайтын жол 4 жолақтыға айналады. Сонымен бірге, «Бәйтерек» тұрғын ауданымен шектесетін көше қиылыстары, аспалы көпір де жаңаланады.
 
Қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы жобалаушы компанияға бұл жолдың халық үшін маңыздылығын ескеріп, жобалау барысында кемшіліктерге жол бермеуді тапсырды.
07 қаңтар 2024 ж. 264 0