Мемлекет басшысының сұхбаты еркін алаңда талқыланды

Жалпы, әлемдік TED X форматындағы жобаға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Бақытжан Ахметбек, «Бітім» медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Жанна Баетова және белгілі саясаттанушы Сәулет Сахиев қатысты. Бақытжан Мұқарамұлы сұббаттағы ұлттық құндылықтың маңыздылығын айтты. Оның айтуынша, Ел Президенті халық өз мәдениетін, құндылығын, болашағы мен өткенін жадысында мәңгі сақтауы керек. Сәулет Сахиев те еліміздің саясатына қатысты сөз сабақтады. Мемлекет басшысының сұхбатындағы "Мемлекеттік қызметшілер өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқаратын кәсіби маман ғана болмауы керек. Олар әрдайым бастамашыл, нақты ісімен елге пайда әкелетін және өзгерістердің өміршеңдігін халыққа көрсете алатын азамат болуы қажет. Сондай-ақ олар білімді-білікті ғана емес, сөзі мен ісі үйлесетін, тиянақты, тәртіпті және арлы адам болуы шарт" дегенді алға тартып, мемлекет адам үшін жұмыс істеу керектігіне қосылатынын жеткізді. Ал, Жанна Баетова әйел адамдардың құқығын қорғау туралы Президенттің айтқанына қуанышын білдірді. Себебі елімізде ажырасудың басты мәселесі - отбасындағы зорлық-зомбылықтың көбеюінен. Алдағы уақытта еліміздің басты назарында бұл мәселе кеңінен қаралатын болады.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі