Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өңірлік байланыс – өркендей түседі

Өңірлік байланыс – өркендей түседі

Мемлекеттік ақпараттық саясатты дамыту жолында жүйелі жұмыстар атқарып, жергілікті билік пен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы тығыз байланысты нығайтуға өз үлесін қосып келе жатқан Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне биыл – 7 жыл. Осы уақыт аралығында аймақтағы жағымды жаңалықтар мен оң өзгерістерді халыққа дер кезінде жеткізіп, медиа саласының серпінді дамуына атсалысуда. Бүгін «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің директоры Гүлнұр Бүркітбаева облыстың басты медиа орталығындағы татымды тірліктерді БАҚ өкілдеріне баяндап берді.

– Биыл Өңірлік коммуникациялар қызметі үшін табысты әрі жемісті жыл болды. Жыл көлемінде облыстың оң имиджін қалыптастыруға бағытталған бірнеше ауқымды іс-шараларды абыроймен өткіздік. Билік пен бұқара арасындағы дәнекер саналатын біздің орталық әрқашан креативті дүниелерді шығаруға тырысады. Осы ретте «Жаңалықтар мен ақпараттық контентті қалыптастыру» бөлімі белсенді жұмыс істеуде. Аталмыш бөлім тікелей баспасөз конференциялары мен көшпелі брифингтерді өткізуді, қала және аудандарда баспасөз турларын ұйымдастыруды, аймақтағы айтулы жаңалықтарды жариялаумен айналысады. Осыған сәйкес, жыл басынан бері облыстың басты медиа алаңында 369 баспасөз конференциясы, 62 көшпелі брифинг, 28 баспасөз туры өтті. Оған жалпы саны 424 спикер қатысты. Спикерлер қатарында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев, ҚР Парламенті Сенатының және Мәжіліс депутатары, сонымен-қатар елімізге белгілі эстрада жұлдыздары, еңбек адамдары, облысқа белгілі меценаттар, Өңірлік коммуникациялар қызметінің жанынан құрылған сарапшылар қонақ болып, БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Одан бөлек, жаңа бағдарламалар да көрермендерге жол тартты. Атап айтқанда, еркін форматтағы «Кешкі кофе» жобасының 5 шығарылымы жарық көрді. «TED Q» ашық алаңы ұйымдастырылып, оған орталық жанынан құрылған сарапшылар тобы қатыстырылды. Еңбек адамдарының жұмысын жұртшылыққа насихаттау мақсатында арнайы сюжеттер түсіріліп, «Кәсіп қыламын десеңіз...» айдары, «Нүкте», «Ашығын айтсақ...» хабарлары дайындалды. Сонымен қатар, танымал тұлғалардың біз білмейтін қырларын жұртшылыққа жеткізу мақсатында «10 сұрақ» бағдарламасы да бізді тамашалайтын көрермендердің зор ықыласына бөленіп келеді. Алдағы уақытта да қызықты әрі тың жобаларды қолға алатын боламыз, - деді директоры Гүлнұр Бейбітбекқызы.

Бұған қоса, орталықтың «Түсініктемелерді беруді ұйымдастыру» бөлімі де жүйелі жұмыс істеуде. Олар ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметімен тікелей байланыс орнатуда. Облыстың оң бағыттағы ақпараттарын әлеуметтік желілерге таратып жүрген орталық республикалық рейтинг нәтижесінде үздік үштік қатарында.


Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
29 желтоқсан 2023 ж. 147 0