«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына құжат қабылдануда

- «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты - белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған. Осы арқылы грант жеңімпаздарының жаңа бастамаларына мемлекет қолдау танытады.
Грант беру қағидаларына сәйкес конкурс екі кезең арқылы жүргізіледі. Атап айтқанда, бірінші кезең – конкурстық өтінімдерді қабылдау және қарау, ал екінші кезең – конкурстық өтінімдерді бағалау және жеңімпаздарды анықтау. Грантқа өтінімдерді қабылдау 26 қыркүйектен 26 қарашаға дейін жүзеге асырылады. Конкурстың қорытындысы бойынша жыл соңына дейін 30 азаматқа 3 млн теңге көлемінде грант беріледі, - деді Талғат Оспанұлы.
Брифинг барысында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына өтінім қабылдау барысы туралы айтылды. Аталмыш байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Креативті бастамалар», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» номинациялары бойынша өтеді. «Дарын» жастар сыйлығын алуға 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Конкурсқа қатысуға құжаттар 20 қарашаға дейін жалғасады.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі