Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Тауарды қазақ тілінде таңбаламау заңбұзушылық па

Тауарды қазақ тілінде таңбаламау заңбұзушылық па

Қазақстандықтар егер тауарда, өнімде мемлекеттік тілде ақпарат берілмегенін анықтаса, шағым жасай алады, деп хабарлайды Kazinform. 

«Тұтынушы үшін тауардың сипаттамасы, ескерту және өндіруші мекеменің атауы қазақ тілінде көрсетілмесе, бұл –заң бұзушылық. Осы орайда тұтынушы өз құқығын қорғау үшін біздің өңірлік департаменттерге жүгінуге құқылы» - деді ҚР Сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ комитет басшысы мемлекеттік тіл талабының бұзылуы бойынша мысал келтірді.

«Sinooil» ЖШС Атырау филиалы 1 035,0 мың теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жанар-жағармай бекетінде мемлекеттік тілде ақпарат болмаған», - дейді ол.

Фото: ашық дереккөзден
03 қараша 2023 ж. 204 0