Сайлау заңнамаларын бұзушылықтар үшін жауапкершілік қаралған
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес прокуратура органдары мемлекет атынан заңдылықтың сақталуын жоғары кадағалауды жүзеге асырады және сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді.
Бұл функциялардың орындалуын прокуратура органдары сайлаупроцесінде де қамтамасызетеді.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сайлау науқанының барлық кезеңдеріне қатысты әрбірдеңгейдегіпрокурорлар үшіннегізгіміндеттер мен ұйымдастырушылық іс-шаралардыайқындады. Оны өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен егжей-тегжейлі реттелген. Заңмен реттелген нормаларды сақтамау және оларды бұзушылықтар үшін әкімшілік, қылмыстық заңнамаларда жауапкершілік қаралған.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте сайлау алдындағы үгіттің тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін 9 баппен жауапкершілік көзделген.
Атап айтқанда:
– сайлау алдындағы үгітті оған тыйым салынған кезеңде жүргізу;
– сайлау алдында үгітті жүргізу кұқығына кедергі келтіру;
– БАҚ аркылы сайлау алдында үгітті жүргізу шарттарын бұзушылық;
– БАҚ-тар арқылы үгіт жүргізу шарттары «Қазақстан Республикасы сайлау туралы» Конституциялық заңнын 27-бабында белгіленген.
Үгіт жургізу шарттарының бұзылуына мыналар жатады:
– сайлау науқанының бұқаралық ақпарат құралдарын бір жақты жариялау, яғни сайлау алдындағы іс-шаралардың мақсат міндеттері мен нәтижелерін, сондай-ақ олармен байланысты оқиғалар мен фактілерді бұрмалау;
– кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдарын БАҚ-да жариялау, сондай-ақ теріске шығаруды тегін жариялау мүмкіндігін беруден бас тарту;
Осы шарттарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік карастырылған.
Сондай-ақ, үгіт жургізу кезеңінде болуы мумкін әкімшілік бұзушылыктардың басқа да құрамдарын атап өткім келеді, олар:
– анонимдік үгіттеу материалдарын дайындау немесе тарату ӘҚБтК-нің 113-бабы (25 айлық есептік көрсеткіш) бойынша әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады;
– үгіт материалдарын қасақана жою, бүлдіру;
– сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу шарттарын бұзу;
– сайлау алдындағы үгітті жургізу шарттарын бұзу;
– үгіт материалдарын орналастыру;
– сайлау алдында үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен белінген қаражатты жұмсау тартібін бұзу.
Аталған барлық құқық бұзушылықтар бойынша субъектілер болып азаматтармен және лауазымды тұлғалармен қатар кәсіпкерлік субъектілері де табылады.
Осы баптардың санкцияларында 10-нан 50 айлык есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл әкімшілік жазалары қарастырылған.
Сайлау кұқықтарына қол сұғатын осы және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша өндірістерді қозғау прокурордың айрықша құзыретіне кіреді.
Ал осындай құқық бұзушылық істерді сот карайды.
Бірақ азаматтар өздерінің сайлау құқығын бұзған жағдайда өз бетінше тікелей сотқа да жүгіне алады.
Бұл жағдайда аталған санаттағы істерді бірден соттар қарайды және міндетті түрде прокурордың қатысуымен жүргізеді.
Әкімшілік жауаптылықпен қатар сайлау заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық та көзделген.
Ол сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі келтіруге қатысты.
Екінші құрам – сайлау кұжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеу.
Қазіргі уакытта сайлау науқаны кұқықтық шеңберде өтіп жатыр, сайлау заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ.
Сайлау науқанын жүргізудің заңдылығын одан әрі қамтамасыз ету үшін прокурорлар мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен, сондай-а сайлау комиссияларымен тығыз қарым-қатынас орнатты.
Әрбір құқық бұзушылық фактісі бойынша зандарда көзделген құкықтық шаралар қабылданатын болады.
Сырдария ауданының прокуратурасы