Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Облыстық Жастар орталығының ұйымдастыруымен өңірлік Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайдыSyrboyi.kz.

Кеңес отырысына облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Артур Қамбаров, қала, аудандық барлық деңгейдегі жастар ресурстық орталықтарының директорлары мен орталық қызметкерлері қатысты.

ҚР Мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының айқындалған 7 басым бағыты бар. Аталған бағыттар бойынша нақты көрсеткіштерге қол жеткізіп, негізгі индикаторлар аясында жастарды әлеуметтік-қоғамдық шараларға тарту көзделген.

Әсіресе, ауыл жастарын қоғамдық қызметке тарту, жан-жақты қолдау білдіру күн тәртібінде тұр.

Сонымен қатар, жастар арасындағы ахуал мәселесімен аудан, ауыл, қала деңгейінде мониторинг жүргізіп, сараптау мәселесі көтеріліп, орталық директорыларына нақты тапсырмалар берілді.

Жастар орталығының қызметін әлеуметтік желілерде насихаттау, ақпараттық қолдау білдіру — маңызды мәселе. Осы ретте ақпараттық толқынды күшейтіп, жастар көп пайдаланатын әлеуметтік желілерде пайдалы контент ұсыну мәселесі талқыланды.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігіне талдау жасап, жастарға қатысты өзге де маңызды мәселелер көтерілген басқосуда жастар көшбасшылары жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған өз ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, жастармен жұмыс істейтін мамандар слетін өткізіп, «12 тамыз — Халықаралық жастар күнін» жоғары деңгейде атап өту мәселесі кеңінен қозғалды.
28 мамыр 2023 ж. 135 0