Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жерлестер мақтанышы

Жерлестер мақтанышы

Ән әлемінде өзіндік қол­таңбасымен дараланған, елімізге белгілі компози­тор­лардың бірі – жер­лесіміз Рамазан Сағын­дықұлы Тайманов. Саналы ғұмырында көптеген әндер шығарып, сол арқылы туған жерін жырлаумен келе жатқан Рекең – Сыр елінің дара таланты, сырдариялықтардың мақтанышы. Оның өнер әлеміне қанат қағуы қасиетті Тереңөзекте ­бастау алды.

Ол Қызылорда политехникумын бі­тір­геннен кейін аудан орталығындағы №88 селолық кəсіптік-техникалық училищеде өз мамандығы бойынша еңбек етіп, өнерлі өрендерден «Гүлдерайым» атты вокалды аспапты ансамблін құрды. Ансамбль аудандық, облыстық байқаулар­дың жүлдегері атанып, 1981 жылы рес­публикалық кəсіптік-техникалық училищелер арасындағы байқаудың лауреаты атанды.

1990-1997 жылдар аралығында Те­рең­өзек аудандық мəдениет бөлімінде авто­клуб меңгерушісі, 1997 жылдан облыстық халық шығармашылығын дамыту жəне мəдени продюсерлік орталы­ғында музыкалық көркемдік жетекші, бүгінгі таңда Қызылорда Мемлекет­тік уни­верситетінің «Музыка және өнер фа­куль­тетінде оқытушы» болып қыз­мет атқарады. Ол өз үнімен, өзіне ғана тəн əуендерімен жұртшылық кө­ңілін баурап алды. Оның есімін респуб­лика жұртшылығына танытқан ең ал­ғашқы əндерінің бірі 1986 жылғы Жел­тоқсан оқиғасына байланысты шы­­ғарған «Қазақ қызы» əні. Бұл əн əлем қазақтарының сүйікті əніне айналды. Ол музыкалық сауатын кəсіби дең­­гейде жетілдіру мақсатында Алматы қаласындағы Чайковский атындағы музыкалық училищесіне түсіп, оны 1989 жылы бітіріп шықты. Р.Тайманов əйгілі «Қазақ қызы» əнінен бастап «Сен мені кінəлама», «Махаббат көктемі», «Қазағым-ай», «Жаңбырлы түн», «Боз­дақтар», «Салтанат», «Қорқыт қобыз», «Қызылорда жастар əні», «Айналайын» т.б сазды да лирикалық əндері қызғалдақтай құлпырып, бірінен соң бірі шығып, республиканың белгілі əншілері – Нұрлан Өнербаев, Жеңіс Ысқақова, Бақыт Шадаева, Жанар Айжанова, Жеңіс Сейдуллаұлы, Гүлнар Сиқымбаева, Гүлнұр Оразымбетова ке­зінде «Арқас» тобының эфирде, теледидарда жиі шырқайтын əніне айналып, тыңдармандарының қошеметіне бөленді. Сонымен бірге əртүрлі музыкалық ас­пап­тарға жазылған классикалық шы­ғар­малары Чайковский атындағы музы­калық училищесінде оқу құралы ре­тінде пайдаланылып келеді. Арнаулы музы­калық біліктілігін тереңдету жəне кəсіби деңгейде білім алу мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Музыка жəне өнер» факультетін бітірген талантты музыкант бүгінгі таңға дейін республикалық халықаралық конкурс, байқаулардың лауреаты атанып, жемісті еңбек етуде.

1996 жылы Эстонияда өткен бүкіл дүниежүзілік «Аплаус» балалар шығар­машылығы фестивалінде белгілі ком­позитор Раймонд Паульс оның «Қызыл­орда жастар əнін» фестивальдің «Ең таңдаулы əні» деп бағалап, «Алтын қорға» жазып алған.

1997 жылы Павлодар қаласында өткен өнерлі балалар шығармашылы­ғының халықаралық «Айналайын» фес­тиваліне арналып жазылған 27 əнұран ішінен əн таңдаулы болып алынған. Яғни фестивальдің ашылу салтанаты Р.Таймановтың «Айналайын» əнімен ашылды.

1998 жылы Ақмола қаласында өткен Қызылорда облысының мəдениеті мен өне­рі күндерінің галаконцерті жəне Астана қаласының тұсаукесері рəсі­мін­де көрсетілген «Қорқыт. Қобыз. Қы­зылорда» атты концерт қойылы­мына музыкалық жетекшілік жасады. Оның «Қорқытқобыз» əні республи­калық «Жас қанат 2000» конкурсы­ жəне халықаралық «Азия дауысы – 2000» фестивалінде «Үздік əн» болып танылды. Оның шығармашылық жо­­лын­­дағы ең үздік жетістігі 2000 жылы халықаралық «Азия дауысы» фес­ти­валінің «Үздік композиторы» ата­ғына ие болуы. Ол облыс мəдениеті мен өне­рінде болып жатқан барлық ша­раларға белсене араласып, мəдени-көп­­шілік бағдарламалардың жоғары дең­­гейде өтуіне, сапалы музыкалық көр­­кем­делуіне, концерттердің кəсіби дə­режесінде талғаммен қарап, көрермен көңілінен шығуына атсалысып келеді. Р.Тайманов əн жазумен қатар, қойылым, концерттерге музыка жазып, облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрымен шығармашылық байланыста ең алғаш рет 1998 жылы «Қыз жібек» опереттасының музыкасын жазды. Сол уақыттан бері театр ұжымы сах­налаған «Исатайдың барында», «Аласапыран», «Қорқыт» спектакльдері мен балалар қуыршақ театры қойған «Жеті лақ», «Тышқандар көтерілісі» қойы­лымдарының музыкасын жазды.

2000 жылы мəдениетті қолдау жылында Р.Таймановтың жинақтауымен жəне өңдеуімен Сыр елінің өнерпаз­дарының орындауындағы «Сыр əуен­дері» компактдискі дайындалды. 2005 жылдың маусым айында Татарстан елінде қазан қаласында өткен халық­аралық академиялық театрлар фестива­лінде көрсетілген «Аласапыран» спек­таклінің музыкалық көркемделуі музыка мамандары мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

2005 жылы Р.Таймановтың əр жыл­дардағы 20 əні енген компактдискі да­йындалды. Оның облыстық музыка өмі­рінде тынбай жасаған еңбегі баға­ланып, 1998, 2006, 2010 жылдары облыс əкімінің стипендияты атанса, 2001 жылы Қазақстан Республикасының мем­ле­кеттік наградасы «Шапағат» меда­лімен марапатталды. 2010 жылы Қазақстан­ның Еңбегі сіңген қайраткері атағын ие­ленді.

2014 жылы өзінің дарабоз өнерімен елге танылған кəсіби композитор Рамазан Таймановтың шығармашылығына 40 жыл толып, Қызылорда облысы əкім­­­дігінің қолдауымен, Қызылорда об­лы­сының мəдениет басқармасының ұйым­­­дас­тыруымен «Қазақ қызы» атты шы­ғар­машылық əн кеші өтіп, кеште ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Нұрлан Өнер­баев, Жеңіс Ысқақова, Жеңіс Сей­дол­лаұлы, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Дүйсенхан Сызды­қов, Ақ­марал Ноғайбаева жəне облысы­мыз­ға белгілі əншілер өнер көрсетті.

Тайманов Рамазан Сағындықұлы – белгілі композитор, республикалық «Жас қанат», халықаралық «Азия дауысы» байқау, конкурстарының жүлде­гері, Сырдария ауданының жəне Қы­зылорда қаласының «Құрметті азаматы» атағының иегері, Р. Сағын­дықұлы қанша дарынды болса да, қарапайым азамат. Үлгенге ізетті іні, кішіге қам­қор аға. Былтырдан бері туған жері Тереңөзекке көшіп келіп, елдің ортасында шығармашылығын одан әрі шыңдау үстінде. Ауылдың жұпар ауасымен тыныстап, шығармашылығын дамытып, об­лыс орталығына қатынап, қызметін жалғастырып келеді. Бергенінен берері көп талантты азаматқа толағай табыс­тар тілейміз.

Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ
23 мамыр 2023 ж. 163 0