Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Сары майдың пайдалы қасиеттері

Сары майдың пайдалы қасиеттері

Нутрициолог Лаура Сейітбек өзінің инстаграм парақшасында сары майдың пайдалы қасиеттерін жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нутрициолог Лаура Сейітбектің айтуынша, сары майдың мынадай пайдалы қасиеттері бар:

Шаш пен тері саулығы. Сары май құрамындағы А, В, С, D, Е дәрумендері тері мен шаш саулығына өте пайдалы. Күнделікті рационыңызда сары май болса, шаш құрғақтығы мен терінің салбырап кетуінің алдын аласыз;

Тамырлардың саулығы.Тамырлардың саулығы үшін холестерин деңгейі өте маңызды. Ол көп те, аз да болмауы қажет. Рационыңыздағы сары май - қан құрамындағы холестеринді көтеретін өнімдерді зарарсыздандырады;

Асқазан саулығы. Асқазан-ішек жолында проблемалары бар адамдар өз мәзірінде міндетті түрде сары майды қосу керек. Себебі сары майдың құрамындағы А дәрумені жараны жазып, қабынуды басатын қасиетке ие. Сонымен қатар ол асқазан қабырғаларын табиғи жолмен майлап тұрады;

Қосымша энергия көзі. Жануар майлары сияқты сары май да жылу мен энергия көзі. Сондықтан таңғы асты сары маймен бастаған абзал. Алайда, тәуліктік сары май нормасы 30 грамм екенін естен шығармаңыз;

Ұйқы сапасын жақсартады. Сиыр сүтіндегі майда триптофан деп аталатын аминқышқыл бар. Ол адам ағзасындағы серотонин түзуге ат салысады. Ал серотонин болса, тәтті құмарлықты басып, ұйқы сапасын арттыруға көмектеседі;

Еңбек қабілеттілігін арттырады.
Сары май - ми жасушаларын жаңартып, ойлау қабілетін жақсартып, зейінді арттыруға көмектеседі. Сондықтан баланың рационында міндетті түрде сары май болуы керек.
08 мамыр 2023 ж. 311 0