Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Келелі жиыннан ерекше әсер алдым

Келелі жиыннан ерекше әсер алдым

Күні кеше ғана Астана қаласында өткен Қазақ­стан халқы Ас­сам­блеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұ­рақтылық, даму» тақырыбындағы ХХХІІ сессиясына қатысқаныма қуаныштымын. Сессия жұмы­сы мен қатысқан ассамблея тарихындағы ең қысқа форматта жүзеге асқан жиын ретінде есте қал­ды. Мәртебелі жиында көптеген мәселелер кө­те­рілді. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге ба­сымдық берілді.

Татулық пен бірлік нышандары айшықталған жиында көп дүниені санамызға тоқи білдік. «Әділетті Қазақстанды» құру жолындағы басым бағыттар сараланып, ел­дігімізді сақтау, тұтастығын айқындау бо­йынша зиялы қауым өкілдері өз ойларын ортаға салды. Біздің еліміз әлемдік аренада зор мәртбеге ие екені мәлім. Еш уақытта ұстаған бағытынан айнымайтын ел бір­лігін сақтау – баршамызға ортақ іс.

Жалпыұлттық бірегейлігімізді қалыптастыру мақ­сатында толайым істер жүзеге асқаны жақсы. Этносаяси мәселесіне байыппен қарап, болашақты бағдарлай алған дұрыс. Ұлт пен ұлыстың қасиетті мекені – туған жер топырағынан нәр алып, елдік мүддені жоғары қойғанымыз абзал. Негізінен, ала­уыздыққа, түсініспеушіліке жол бермей, тату­лықты, бірлікті, ынтымақтастықты кеңінен насихаттай білгеніміз жөн. Сонда ғана ортақ Отанымыз бүгінгіден де қарышты дами бермек. Келелі жиыннан үлкен әсер алған мен ел игілігі жолында қызмет ете бе­ремін.


Константин ЛУЦА,
сессия делегаты,
Тереңөзек кентінің тұрғыны
29 сәуір 2023 ж. 259 0