Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ел бірлігі бәрінен қымбат

Ел бірлігі бәрінен қымбат

ҚР Парламент Мәжілісінің және жер­гі­лік­ті мәслихаттардың депутаттарын сай­лау Сыр елінде, оның ішінде біздің ау­данда ауызбіршілікпен өтті. Саяси нау­қан додасына бағыт-бағдары айқын саяси партиялар мен ел азаматтары кан­ди­дат ретінде тіркеліп, барынша үгіт-наси­хат жұмыстары жария түрде, ашық жүр­гізілді.

Сайлау күні сайлаушылардың ерікті түрде дауыс беруге барғандарын да бай­қадық. Бұл әрине, қуанышты жағдай. Әр­бір тұрғын саяси додаға қатысқан ең лайықты деген азаматына таңдау жасап, өз дауысын берді. Біз де осы ауданда өмір бойы қызмет етіп, зейнеткерлікке жеткендіктен, сайлаудан қалыс қал­май, алдыңғылардың қатарында өз таңда­уы­мызды жасадық.

Бұл сайлаудың өзге сайлаулардан ерекшелігі – партиялық тізімдердегі кво­таның кеңеюі. Сонымен қатар биылдан бастап Мәжіліс депутаттарын сай­лауда партиялық тізімге әйелдер мен жастардан басқа мүмкіндігі шектеулі аза­маттар да енгізілгендігі. Бұл – әрине, тең­дік қа­ғи­датына негізделген оң бастама.

Жаңа Қазақстан құру жолына жасал­ған батыл қадам – ол жаңадан жасақ­талған депутаттар корпусы мен ел сені­­мі­не ие болатын халық қалаулылары. Елдің болашағы үшін қам жеген азаматтардың сайлауалды бағдарламасында айтылған барлық мәселе орындалып, Жаңа Қазақ­станды ел-халық болып бірге құратыны­мызға сенімдімін. Халық сеніміне ие бол­ғандар зор жауапкершілік арқалайды.

Алма Бақтиярова,
мәдениет саласының ардагері,
Сырдария ауданының Құрметті азаматы 
21 наурыз 2023 ж. 232 0