Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кешкі асқа мына өнімді жемеңіз

Кешкі асқа мына өнімді жемеңіз

Ісік жиі таңертең пайда болады. Ұйқыдан тұрып, жуынып жатқан кезде айнадан көз астының және бетіңіздің ісіп кеткенін байқап, көңіл күйіңіз түсуі мүмкін. Алайда мұндай ісіну болмас үшін кешкі аста нақты өнімдерден бас тарту жеткілікті, деп жазады massaget.kz.

1. Тұзды өнімдер


Мысалы, оларға чипсы, жаңғақтар, қытырлақтар, балық, пицца жатады. Тұз ішектерде жылдам сіңеді және оның қандағы мөлшері артып кетеді. Сол үшін бірден қатты шөл пайда болады. Ағза осылайша су-тұз тепе-теңдігін қолайлы көрсеткішке жеткізуге тырсады. Ағзаның артық тұз бен судан арылуына бірақ уақыт қажет болады.

2. Алкоголь

Ол ісіндіретін өнімдер тізімінде екінші орынды алады. Ісініп кету үшін алкогольді көп ішу міндетті емес, оның аз мөлшерінің өзі жеткілікті. Этил спиртінің молекулалары суды ұстап тұруға қабілетті. Оған қоса алкогольді әдетті тұзды тағамдар жеп отырып, ішеді.

3. Консервіленген өнімдер

Консервіленген өнімдер ұзақ сақталуы үшін оған ас тұзын қосады. Тіпті, консервідегі бұршақ пен жүгеріге де біраз тұз қосылады.

4. Тәттілер мен тәтті сусындар

Тамақтағы қарапайым көмірсулар қанға жылдам сіңеді және сұйықтың жиналуына ықпал етеді. Мұны тәтті сусындармен шөлді қандыру мүмкін емес екендігімен түсіндіруге болады.

5. Қарбыз бен қауын

Бұл өнімдерде қант пен су көп. Егер бүйрек ұйықтағанға дейін қосымша жүктемеге күші жетпесе, таңертең ісіп тұруыңыз әбден мүмкін.


12 наурыз 2023 ж. 165 0