Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысындағы су шайған көпір қалпына келтіріледі

Қызылорда облысындағы су шайған көпір қалпына келтіріледі

Қызылорда облысындағы су шайып кеткен көпір жақында қалпына келтіріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сырдариямен мол су жүріп, әрі өзен иірімдеріне мұз тұрып қалғандықтан, Далда-бай мен Қызылтам елдімекендерінің маңында су жайылған еді. «Бұл дария деңгейі көтерілген кезде, жиі болатын табиғи құбылыс», - дейді мамандар. Дегенмен, Жалағаш-Жосалы бағытындағы облыстық маңыздағы жолдың 31-ші шақырымындағы өткелге су сыймай, жолды жырып кетті. «Оны қалпына келтіру жұмыстары, су қайтқаннан кейін басталады. Жиналып қалған сең қазір Төребай би, ауылының тұсынан өтіп кеткен. Енді ауылдарға қауіп жоқ»,-дейді мамандар.

Пакуадин Шамұратов, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Шығындарды есептеп жатырмыз. Резервтен қаражат көздері қаралады міндетті түрде төтенше жағдай орын алған жағдайда. Бұл қаржыға біз тиісті жолдарды жөндеп, өткел көпірін халық игілігіне беретін боламыз.

Марат Құрманбаев, облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

- Бүгінгі таңда есептер бойынша мұз еріп жатыр, судың температурасы жақсы. Болжам бойынша ешқандай қауіпсіз Арал теңізіне қарай суды, сеңді шығарып салатын болжамдар бар. 25 наурызда біздің облыстың территориясынан шығып, Арал теңізіне қарай құйыла бастайтын болады.
09 наурыз 2023 ж. 143 0