Құрылыс саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Жиын барысында құрылыс саласындағы проблемалық мәселелер, оның ішінде нысан құрылысы бітпей жатып, тұрғындардың арыз-шағымдары негізінде құзырлы мекемелер тарапынан жүргізілетін тексерістер қаншалықты заңды екендігі туралы сұрақтарға Ернар Мақажанов толық әрі жанжақты жауап берді.
Сонымен қатар, бизнес-қоғамдастықты толғандыратын өзекті мәселелер бойынша ашық және сындарлы талқылаулар өткізілетінін, шенеуніктер тарапынан адал бизнесті дамытуға әкімшілік кедергілер немесе сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда олардың жолын кесу бойынша шаралар күшейтілетінін атап өтті.
Осы орайда, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін өңір кәсіпкерлерін ашық диалог пен өзара іс-қимылға шақырды.
Департамент басшысы әр аптаның сәрсенбісінде сағат 15:00-де «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің әрқайсысын тыңдауға және нақты мәселелерді шешуге көмектесуге дайын екендігін жеткізді.