Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы бизнес өкілдерін қабылдайды

Қабылдау 1 ақпан сағат 15:00-де басталады.
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі №123 «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, 3 қабат.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында «бизнеске заңсыз кедергі келтіру мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қарастырылатынын» айтып өткені белгілі.
Мемлекеттік органдардың тарапынан әкімшілік кедергілер мен заңнамалық олқылықтарға тап болсаңыз, жеке қабылдауға шақырамыз.