Бизнес өкілдерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі басымдықтарының бірі

Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында «Бизнеске заңсыз кедергі келтіру мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қарастырылатынын» айтып өткені белгілі.
Кәсіпкерлердің проблемалары көбінде шенеуніктердің жемқорлығы, әкімшілік кедергілер және заңнамалық олқылықтармен байланысты.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректері бойынша 2022 жылы бизнес субъектілерінің әкімшілік талап-арыздарының шамамен 55%-ын сот қанағаттандырған.
Бұл, мемлекеттік органдардың әрекеттері мен шешімдерінің заңсыздығын көрсетеді.
Осы орайда, мемлекеттік органдар іс-әрекеттеріне, әкімшілік кедергілерге қатысты шағымдарды жедел алу және қарау үшін, бизнес өкілдерін апта сайын осы «Атамекен» палатасында немесе басқа диалог алаңдарында «бейресми атмосферада» жеке қабылдауға дайын екендігін жеткізді.
Кездесуде құрылыс, жеке балабақша, қоғамдық тамақтандыру, қызмет көрсету және т.б. салалардағы кәсіпкерлердің бизнес жүргізудегі проблемалық мәселелері тыңдалып, олар бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Алдағы уақытта Департаментпен «Атамекен» палатасымен бірлесіп кәсіпкерлердің неғұрлым өзекті проблемаларын айқындап, қалыптасқан кедергілерді жою мақсатында шұғыл шаралар қабылданатын болады.