Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қантты алмастыратын өнімдер

Қантты алмастыратын өнімдер

Қанттан бас тарту – қазіргі кездегі пайдалы трендтердің бірі. Бірақ біздің жүйке жүйемізге күнде тәтті керек, сондықтан қантты рационнан мүлдем алып тастамай, оны пайдалы баламамен алмастыруға болады. Бұл жайында massaget.kz жазады.

Ақ қант ішектер жұмысын бұзады, тері қартаюын жылдамдатады, тәттіге құштарлықты арттырады және артық салмақ қосып алуға себеп болады. Ақ қанттың құрамында пайдалы заттар аз және ол тәуелділік тудырады. Оған қоса, көптеген өнімдердің құрамында қант болатындықтан, біз күніне өте көп қант мөлшерін тұтынамыз. Рациондағы қантты алмастыра алатын табиғи тәттілендіргіштерді ұсынамыз.

Бал


Бал – тәтті өнім, сондықтан оны десертке дәм беру үшін 1 шай қасық қосу да жеткілікті. Алайда кей адамдарда балға аллергия болатынын ескеріңіз.

Топинамбура шәрбаты

Топинамбура шәрбаты ішектер микрофлорасына жағымды әсер етеді. Оның дәмі де жақсы. Оны десерттер пісіргенде қанттың орнына пайдалануға болады. Сондай-ақ оны қантсыз пісірілген құймақтардың бетіне жағуға болады. Бірақ бұл шәрбатты күніне 40 г-нан артық қолдану ұсынылмайды. Мұндай шәрбатты сатып аларда құрамын оқыңыз: онда топинамбура түйнектері мен су ғана болғаны жақсы.

Құрма

Қантты алмастыра алатын тағы бір өнім – құрма (финики). Құрмаларды ыстық суға 15 минутқа салып қойыңыз да, блендермен езіп алыңыз. Тәтті әрі пайдалы паста аласыз.

Банан


Банан калориялы, бірақ пайдалы жеміс. Бананды десерттер пісірерде қанттың және жұмыртқаның орнына пайдалануға болады.

Үйеңкі шәрбаты

Үйеңкі шәрбатын қантты үйеңкі шырынынан дайындайды. Оны пісірмелерге тәтті шәрбат ретінде емес, етті және көкөністі тағамдар пісіруге де пайдаланады.

22 қаңтар 2023 ж. 161 0