Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрамында қанты көп көкөністер туралы біліп жүріңіз

Құрамында қанты көп көкөністер туралы біліп жүріңіз

Көкөністер — түрлі қоректік заттарға, дәрумендерге, минералдар мен антиоксиданттарға бай ең пайдалы өнімдер. Дегенмен, олардың кейбіреулерінің құрамында қант мөлшері көбірек. Төменде құрамында қанты көп 5 көкөністі massaget.kz ұсынады.

Сәбіз

Сәбіз — өте калориялы көкөніске (бір орташа түрінде шамамен 31 ккал болады) жатпайды. Ондағы барлық калория құрамындағы қанттан келеді. Әрине, сәбізден толықтай бас тартуға болмайды, себебі ол темір, кальций, калий, бета-каротин және А дәруменіне бай. Бастысы, бір тәрелке сәбіз салатын тауысып жемес бұрын онда қаншама қант барын ескеріңіз.

Жүгері

Жүгері — фосфор, кальций, калий, магний, темір және А, В, Е дәрумендеріне бай өте пайдалы көкөніс. Бірақ ол — өте крахмалды әрі тәтті көкөніс: оның 100 грамында шамамен 100 ккал және 7 грамм қант бар. Сондықтан жүгеріні де өте көп жеу ұсынылмайды.

Қызылша

Бұл кез келген «дұрыс тамақтану» рационында болатын тағы бір өте пайдалы көкөніс. Алайда оның 100 грамында шамамен 9 грамм қант болады. Қызылшаның пайдасы зор болғандықтан, одан  мүлдем бас тарту ұсынылмайды. Бастысы, оны жеу кезінде мөлшерін бақылаңыз.

Картоп

Картопты әркім әрқалай дайындап жегенді ұнатады: буға пісіру, суға қайнату, езу, қуыру. Алайда оның құрамында крахмал көп болғандықтан, ол қандағы қант мөлшерін жылдам көтереді. Оған қоса, бұл көкөніс өте калориялы, әдетте, оны суға немесе буға пісіріп жеу ұсынылады. Дегенмен де картопты барынша аз жеуге тырысқан жөн.

Пияз

Көпшілік пияздың жалғыз кемшілігі — оның өзіндік иісі мен дәмі ғана деп ойлайды. Алайда ол құрамында қанты көп көкөністер қатарына кіреді: 100 грамында шамамен 6 грамм қант бар. Дегенмен, оның пайдасы жайлы да білеміз. Егер сіз пияз жақсы көрмейтін адамдар қатарына жатсаңыз, одан уайымсыз бас тарта беруіңізге болады. 
26 қаңтар 2022 ж. 669 0