Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қоғамдық жерде балағат сөз айтқандардың жазасы күшейеді

Қоғамдық жерде балағат сөз айтқандардың жазасы күшейеді

Қазақстанда қоғамдық орындарда әдепсіз сөздер айтқан (ұсақ бұзақылық) үшін айыппұл 4 есеге дейін өседі. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция департаменті басшысының орынбасары Азамат Құрымбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің жаңа нұсқасында қоғамдық орындарда дөрекі сөздер айту, жеке тұлғаларды қорлау және оларға қысым көрсету, ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдалану орындарын, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және айналасындағыларға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық болып саналады», деді Азамат Құрымбаев.

Оның айтуынша, енді ұсақ бұзақылық үшін сот 5 АЕК, яғни 17 250 теңге айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасын тағайындайды.

Жаңартылған кодекс бойынша, айыппұл 20 АЕК – 69 мың теңгені құрайды немесе 5 күннен 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасын көздейді.

Түзетулер алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Президент түзетулерге 2023 жылдың 3 қаңтарында қол қойды.
09 қаңтар 2023 ж. 315 0