Қызылорда облысының жол саласындағы ірі кәсіпкерлерімен кездесу өтті
Ағымдағы жылғы 26 желтоқсанда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы С.Қ.Мырзалының өңірдің жол саласындағы ірі кәсіпкерлерімен, оның ішінде инфрақұрылымдық жобалар саласындағы мемлекеттік тапсырыстардың негізгі алушыларымен кездесуі өтті.
Кездесу, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары М.Ж.Жайымбетовтың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалының директоры П.А.Сыздықовтың, сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және т.б. салалық басқармалардың бірінші басшыларының қатысуымен өткізілді.
Іс-шара барысында, С.Қ.Мырзалы өз сөзінде кәсіпкерлер назарына бизнестің парасаттылығына жәрдем көрсету жөніндегі тұжырымдамалық шаралар, сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан кәсіпкерлерді әділетсіз бәсекелестіктен қорғау және бизнеске заңсыз араласудан қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар жөнінде жеткізді.
Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу заңнамасын жетілдіру арқылы нарықты монополиясыздандыру және бәсекелестікті арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты енгізуді қолдайтын және жалпы Заң аясында жұмыс істейтін компаниялар үшін мемлекеттік қолдау шараларына тоқталып өтті.
Сонымен қатар, өңірдегі жол құрылысы саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Департамент өз қызметінде Агенттік Төрағасымен енгізілген жаңа тәсілдерді қолданатыны жеткізілді.
Оның негізгі мақсаты - қылмыстың жасалғанын немесе мемлекет қаржысы ұрланғанын күтпей, керісінше оларды болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылдау. Бастысы - бюджет есебінен салынып жатқан объектілердің сапалы тұрғызылып, белгіленген мерзімде тапсырылуы.
Бұл ретте бірқатар мысалдар келтірілді.
Мәселен, Арал ауданындағы «Қамыстыбас – Аманөткел – Жаңақұрылыс» жол құрылысына жүргізілген мониторинг нәтижесінде, мердігер жол асты негізін көтеруге, салынатын жолдың жиегіндегі топырақтарды ысырып көтеріп жатқандығы, жоба-сметалық құжатта көрсетілген мемлекеттік стандарттарға сай емес құрылыс материалдарын пайдаланғаны анықталды.
Өз кезегінде, тапсырыс беруші тарапынан мердігерге топырақты белгіленген жерден алуға арнайы жер телімін бөлу мәселесі қарастырылмаған, құрылыс нысаны бойынша тиісті бақылау жүргізілмеген.
Осының салдарынан, салынған жолдар пайдалану мерзімінен бұрын жарамсыз болатыны және алдағы уақытта бөлінетін 154 млн.теңге бюджет қаржысы талан-таражға түсу қауіпі туындаған.
Осындай тәуекелдер, «Әйтеке би – Қазалы» аралығындағы автомобиль жолын қайта жаңғырту құрылысы бойынша да орын алған. Бұл жерде мемлекетке 79 млн.теңге залал келтірілу қауіпі анықталған.
Бұл тәуекелдер Департамент тарапынан Облыс әкіміне уақытылы жеткізіліп, нәтижесінде, қазіргі уақытта осы 2 нысан бойынша кемшіліктерді жою шаралары тапсырыс берушімен қабылдануда.
Жалпы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында, Департамент 6 нысанды тексеріп, 1 миллиард теңгеге жуық мемлекет қаржысының тиімсіз пайдалану қауіптерінің алдын алды.
Бұдан бөлек, Департамент басшысы кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудан қорғау тетіктерін айтып өтті.
Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 19 мамырдағы отандық бизнес өкілдерімен кезекті кездесуінде берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау шеңберіне тартуға жол бермеу жөнінде жүйелі шаралар қабылдануда.
Атап айтқанда, бизнес субъектілеріне қатысты барлық процесстік шешімдер (істі тіркеу, шақыру, жауап алу, құжаттар алу, тінту және т.б.) Агенттікпен келісілуін көздейтін алгоритм қабылданды.
Отырыс барысында көтерілген проблеммалық мәселелер бойынша облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы П.Шамұратовтың және «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» өңірлік филиалының бөлім басшысы Е.Усмановтың баяндамалары тыңдалды.
Сөз соңында, Департамент басшысы С.Қ.Мырзалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан кәсіпкерлікті қорғау мәселелері жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында талқылау тәжірибесі жалғасын табатынын жеткізді.