Менің таңдауым
Жоғары білім алу кез келген адам үшін маңызды. Себебі қазіргі заман – білекпен емес, біліммен сыналатын уақыт. Сондай-ақ, адамның алдағы өмірі өз мамандығын таңдауына байланысты. Мен өз кезегімде қоғамға пайдалы болуға, мемлекеттің бір бөлігі болуға тырысамын.
Дайындық деңгейін көтерудің көптеген жолы бар. Біріншіден, өз бетіңше білім алу. Екіншіден, білікті мұғалімнен дәріс алу. Университет пен мамандық таңдау – келешегі кемел болашаққа жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ал студенттік кезең өміріміздегі ең қызықты сәттер десек болады. Осындай қызыққа толы жылдарым Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өтуде. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті – үздік жоғары оқу орындарының бірі. Мектеп бітіріп, ұлттық біріңғай тесттілеу тапсырғанннан кейінгі таңдауым осы университет болды. 85 жылдық тарихы бар жоғарғы оқу орны – білімді, өнерлі студенттердің ордасы. «Алты Алаштың баласы бас қосса, ардақты орын – мұғалімдікі» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, ел ішіндегі құрметті мамандық – ұстаздық жолды өмірлік кәсібім ретінде таңдадым. Қазір қазақ тілі мен әдебиеті пәнін даярлау факультетінде білім алудамын.
Қазіргі кезде университетте бес институт жұмыс жасайды. Әрқайсысында жоғарғы дәрежедегі мамандандырылған оқытушылар мен профессорлар білім беруде. Оқытушылардың сабақ өту тактикасы да әртүрлі. Білім беру деңгейлері өте жоғары. Оған қоса университет қабырғасында 24 түрлі ұйым бар. Бұл ұйымдар студенттердің сапалы білім ала жүріп, қоғамдық өмірде белсенді болуын қамтамасыз етеді. Студенттер үшін баскетбол, волейбол, дзюдо, жеңіл атлетикалық гимнастика, қазақша күрес, каратэ, еркін күрес, тоғызқұмалақ, шахмат, теннис, бокс, таэквондо, гандбол, жүзу, әскери қолданбалы спорт түрлері, фитнес, спорттық би сияқты түрлі үйірмелер бар. Студенттер үшін тегін және толық жабдықталған.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті – қаламыздағы негізгі жоғары оқу орындарының бірі. Бүгінде мұнда әр қаладан келген мыңдаған студент білім алуда. Сонымен қатар басқа қаладан келген студенттерге толық жағдай жасалған және жатақханамен қамтамасыз етілген. Студенттер үшін университет қабырғасында кітапхана толық жабдықталған. Онда ғылыми кітаптар, оған қоса әдеби шығармаларда бар. Студенттер керек кітапты кез келген уақытта алып оқи алады.
Білі – өмір жолын, кәсіби қызметті қалыптастырады және болашақта өмір сүру сапасына әсер етеді. Менің университетім оқу үдерісі мен студенттік өмірдің барлық критерийлеріне сай келеді. Оқу бағыттарының өте кең жүйесі бар. Менің ойымша, бұл өте жақсы. Оған қоса университет қабырғасында белсенді студенттік өмір, түрлі шығармашылық іс-шаралар, конференциялар, ғылыми апталықтар өткізіледі. Факультеттер арасындағы спорттық және жайдарман ойындары өткізіледі. Бұл жағдай студенттік өмірге оңай сіңісуге, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, сондай-ақ жаңа достар табуға ықпал етеді. Университетіміздің ең басты ерекшелігі, шәкіртақы басқа университеттерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Өте жақсы деңгейде оқитын студенттерге президенттік шәкіртақы, оған қоса академиялық ұтқырлық жобасымен басқа қалаға оқып келу мүмкіндігі қарастырылған.
Мен университет таңдаудан қателеспегеніме толық сенімдімін. Қазіргі уақытта тек сапалы білім алып қана қоймай, шығармашылық тұрғыдан дамуға мүмкіндігім бар. Ендігі біздің мақсат сапалы білім алып еліміздің болашағы үшін қызмет ету.
Фариза Жұматаева
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің
1-курс студенті
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің
1-курс студенті