Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастармен кездесу өткізді

Жастармен кездесу өткізді

Бүгін аудандық партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы, партия ардагері Шахарбек Балтабайұлы Нұрсейтов жалынды жастармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында 20 қарашада өткен кезектен тыс Президент сайлауының қорытындысы жайлы айтылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алдағы жеті жылдықта Қазақстан Республикасын Әділетті, Қуатты мемлекетке айналдыру бойынша алдына жоспарлар құрды. Қазіргі таңда қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Талапты жастардың тың идеялары мемлекет дамуына қаншалықты ықпал ететінін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Өркениет көшіне ілескен қоғамда алып күш иелерінің қарымды қабілеттері мен батыл қадамдары аға буын салған сара жолды дамудың дара жолына айналдырғаны анық.  Сондықтан, жас буын мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың барын сезінуі керек. Ендігі кезекте біздер Мемлекет басшысының айналасына топтасып, әрбір тапсырмасының тиянақты орындалуына жұмыс жасауымыз керек,-деді партия ардагері Шахарбек Балтабайұлы.

Жастар өз кезегінде осы жолда аянбай жұмыс жасайтындықтарын жеткізді. 
23 қараша 2022 ж. 186 0