Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел ертеңі үшін маңызды күнде өз таңдауымды жасадым!

Ел ертеңі үшін маңызды күнде өз таңдауымды жасадым!

Бүгін өз таңдауымды жасап, дауыс бердім.

Біздің әрбіріміз «менің дауысым маңызды, менің дауысым ел тағдырын шешеді» деген ойға табан тіреуіміз керек.

Сайлауға қатысу, дауыс беру - әр адамның Отан, болашақ ұрпақ алдындағы міндеті. Еліміздің болашағы жарқын болуы үшін, әрбір азамат дұрыс таңдау жасауы қажет деп ойлаймын. Еркін елдің әр азаматының жасаған дұрыс таңдауы, еліміз үшін үлкен өзгерістерге жол ашады. Өйткені өз таңдауын жасаған қазақ елінің әр азаматы дауыс беруден ұтылмайды. Сол арқылы болашақтың бағдары айқындалмақ. 


Саяси науқанға бейжай қарамай өз дауысымыздың маңыздылығын ескеріп, бір кісідей қатысқан абзал. Ел жастары сайлаудың маңыздылығын түсініп келеді. Мәдениет саласының маманы ретінде әріптестерімді белсенді болуды шақырамын. Өз көзқарасымызды танытып, ел болашағы үшін үн қосуға дайынбыз. Туған жер топырығынан түлеп ұшқаннан кейін, ауданымыздың жаңалықтарын елеңдеп қарап отырамыз. Сырдариялықтар сайлауға жоғары дәрежеде қатысып жатқандығына қуаныштымыз. Халықтың ұстанымы әділетті қоғам құру. Сондықтан жаңашылыдыққа бетбұрыс жасаған еліміздің ертеңі жарқын болмақ. Біз жастар қоғамның өркендеуі үшін қызмет ете бермекпіз.   



Жайна ДАЙРАБАЙҚЫЗЫ,
белсенді жас
20 қараша 2022 ж. 182 0