Тоңып қалу – ЖРВИ-дің себебі емес
Суықтың келуімен кез келген бала тұмауратып ауырады. Бұл кезде ата-аналар уайымдап, баласының иммунитетін қатайтудың жолдарын іздейді. Бірақ кейде ауыру — қалыпты жағдай: ол ағзаның қорғаныш жүйесінің жұмыс істейтінін көрсетеді, деп жазады massaget.kz.
Егер баланың тұмауы мұрыннан су ағу, жөтел және температурамен бірге жүріп, бірақ ешқандай басқа асқынулар болмаса және антибиотиктер ішудің қажеттілігі болмаса, бала иммунитетінің дұрыс болғаны. Бірақ ата-ана бала иммунитетіне күмәнмен қарайды.
Бала иммунитетін қатайтуға жалпы ұсыныстар мынадай: үйлесімді тамақтану, дұрыс ұйқы, уақытылы вакцина алу, шынықтыру, қысқы спорт түріне немесе бассейнге беру.
«Тоңып қалма, ауырып қаласың» деген сөзді естіген боларсыз? Бірақ көпшілік дәрігер тоңу немесе желде отырып қалу ЖРВИ-дің себебі емес дейді.
«Суықтап қалу өздігінен вирусты жұқпаны шақыра алмайды. Біз алдымен вируспен кездесуіміз керек. Ол шырышты қабыққа түскен болуы керек. Егер ол біздің иммунитетімізбен әрекеттескенде біз кенеттен тоңып қалсақ, жұқпа үлкен ықтималдықпен жүзеге асырылады», - дейді дәрігер-отоларинголог Владимир Коршок.