Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Торпақтарға — бирюза, Шаяндарға — ай тас: сізге қандай тас келеді?

Торпақтарға — бирюза, Шаяндарға — ай тас: сізге қандай тас келеді?

Әрқайсысымыздың өмірімізде қиын кезең болады. Осындай кездері сізге көмектесетін тастар туралы мәліметті massaget.kz ұсынады. Оларды қалтаңызға салып жүріңіз немесе мойныңызға тағып алыңыз.

Тоқты — алмаз


«Қыздардың ең жақсы достары — гауһар тастар»: Егер сандықшаңызда біреуі болса, оны жиі тағуға тырысыңыз. Алмаз кемелдікті, жеңімпаздықты, күшті және билікті білдіреді. Ол өз иесін жағымсыз әсерлерден қорғай алады.

Торпақ — бирюза

Бирюза — күшті тұмар. Ол аңшыларға нысанаға тигізуге көмектескен. Егер қазір маңызды нәрсеге жетуге тырысып жүрсеңіз, мақсатыңыз жақындай түсу үшін өзіңізбен бірге бирюзаны ұстап жүріңіз.

Егіздер — жолбарыскөз

Бұрын бұл тас қиындық жақындай түссе, ауырлайды дегенге сенген: ол өз иесіне осылай ескерту беретін болған. Жолбарыскөз өз иесін кез келген жамандықтан қорғайды. Егер сізді тең емес «шайқас» күтіп тұрса, жолбарыскөзді алып шығуды ұмытпаңыз.

Шаян — ай тас

Ай — Шаяндардың билеушісі, сондықтан бұл жұлдыз белгісіне көмектесетін де Ай екені анық. Ай тас Шаяндарға тыныштық әкеледі. Оны өз өміріне жағымды сезімдерді қайтару үшін тағады: махаббат, нәзіктік, достық. Егер қызба болсаңыз және жиі ашулансаңыз, ай тас жойқын энергияңызды жұмсартады және оны қажетті жаққа жібереді.

Арыстан — кәріптас (янтарь)

Мұндай күшті күн жұлдыз белгісіне алтыс тас керек. Ежелгі гректер кәріптасты әрқашан Күнге арнаған. Бұл тас ойларды айқындап, маңызды жоспарларды іске асыруға көмектеседі. Егер бұл таспен безендірілген әшекей тағып жүрсеңіз, өзіңізді қуанышты және еркін сезінесіз.

Бикеш — яшма

Егер қатынасыңызда (кіммен болмасын) проблема болса, онда яшма оны шешуге көмектеседі. Ал қою түсті яшма сізді барлық жамандықтан және көзден қорғайды.

Таразы — малахит

Малахит — армандарды орындау символы. Сондай-ақ ол қиын кезеңдерде мазасыздықтан арылуға көмектеседі.

Сарышаян — гагат

Гагатты өзімен бірге жолаушылар алып шығатын болған. Олар сол кезде жолдары жеңіл және жағымды болады дегенге сенген. Егер қазір жолда (физикалық емес, рухани) болсаңыз, гагат сізді тағдырдың құбылмалығынан қорғайды.

Мерген — лазурит

Бұл әдемі көк тас мазасыз ойлардан арылуға көмектеседі. Сондай-ақ ол достықты қатайтуға және жоспарлар мен жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі.

Тауешкі — турмалин

Турмалин үрейден арылтады және дене мен санаға әсер етеді. Егер нашар ұйықтап жүрсеңіз, турмалині бар тұмар тағып жатыңыз.

Суқұйғ
ыш — аметист

Бұл әдемі тас сананы тыныштандыруға көмектеседі және ішкі жан-дүниенің тыныштығын шақырады. Тастың иесі мазасыз ойлардан жылдам арылады. Сондай-ақ аметис спорттық жарыстарда сәттілік әкеледі.

Балықтар — аквамарин

Бұл тас теңізшілердің қорғаушысы саналған. Ол өз иесінің көңіл күйіне қарай түсін өзгертеді деп айтады. Аквамарин қауіп-қатерден қорғайды және қызу сезімдерді басады.
25 қыркүйек 2022 ж. 262 0