Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Президент сайлауы: Үміткерлерге қандай талап қойылады?

Президент сайлауы: Үміткерлерге қандай талап қойылады?

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстан Президенттігіне өз кандидатурасын ұсынатын үміткерлерге қойылатын талаптарды атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Президент лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен, яғни 23 қыркүйектен басталып, 11 қазанда сағат 18:00-де аяқталуы тиіс», деді Константин Петров.

Конституцияда және сайлау туралы Конституциялық заңда кандидатқа келесі талаптар қойылады:

Қазақстан азаматтығы;

Соңғы 15 жылда Қазақстан аумағында тұру;

Жоғары білім;

Жасы 40-тан кем емес;

Белсенді сайлау құқығына ие болу;

Мемлекеттік қызметтегі немесе сайланбалы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем болмауы тиіс;

Мемлекеттік тілді еркін меңгеру.

Константин Петров бүгінгі таңда сайлау жарнасының мөлшері 3 миллион теңгені құрайтынын қоса хабарлады. 
22 қыркүйек 2022 ж. 523 0