Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Цифрлық хабар таратуға көшу – заман талабы Қазақстандықтар «цифрға» сенім артты

Цифрлық хабар таратуға көшу – заман талабы Қазақстандықтар «цифрға» сенім артты

Бүгінгі таңда өмірімізді тұрақты ақпарат көздерінің бірі болып табылатын телевизиясыз елестету қиын. Телехабар тарату уақыт талабымен болатын жаһандық өзгерістер қарсаңында тұр. Бұл телехабар тарату саласының келбетін толығымен өзгертеді. Енді ешқашан бұрынғыдай болмайды.

Мұны әрбір қазақстандық азамат сезінетін болады. Заманауи өркениет жаңалықтарын қабылдап, өміріңізді ыңғайлы әрі «озық» етесіз бе, әлде тым жылдам дамып жатқан технологиялық прогресстен бойыңызды аулақ ұстап, технологияның қазіргі тенденциясын жоққа шығаруға тырысасыз ба?! Барлық жаңа нәрсе адамзатқа нақты пайда әкелмейінше, қашан да қорқыныш пен сенімсіздік тудырады.

Аналогты телехабар таратуды цифрға ауыстыру – бұл әлемдік процесс, оның ішінде Қазақстан да «цифрлық» кеңістікті қарқынды игеруде. 2012 жылдан баст
ап ел халқының 87%-дан астамы телевизиялық digital-пішімге көшті.

Қазақстандықтар «цифрға» сенім білдіруде, мұны түсіндіруге болады. Бірақ олар туралы айтпас бұрын, аналогты хабар тарату жүйесінің неліктен күні біткенінің себебін анықтау керек.

Аналогты сигнал сыртқы әсерлерге өте осал, кейде ол аяқасты жоғалып кетуі мүмкін, оны антенаның көмегімен немесе провайдердің телевизиялық кәбілін пайдаланып ұстап алуға болады. Мұндай телевизияның кемшілігі – сигналдың кедергіге әлсіздігі кескін мен дыбыс сапасының нашарлауына әкеледі. Нашар ауа-райында – жел, жаңбыр, найзағай кезінде сигнал нашарлап, көрермен суретті кедергілермен, бұрмаланған дыбыспен немесе мүлдем дыбыссыз алады. Хабар тарату сапасына телестанцияның алыстығы да әсер етеді. Сигнал көзі мен баратын жер арасындағы арақашықтық неғұрлым алыс болса, соғұрлым оның сапасы нашарлайды.

Бұрын аналогты телевизия цифрлық телехабар тарату пайда болғанға дейін телевизиялық кескін мен дыбысты таратудың жалғыз әдісі болатын. Цифрлық хабар тарату аналогқа қарағанда әлдеқайда ұзақ қашықтыққа қабылданатын қорғаныс пен сигналдың жоғары деңгейіне ие. Цифрлық сигнал кедергіге төзімді және көрермендерге өзінің бастапқы түрінде, шу мен бұрмаланусыз, тіпті ең қашық елді мекендерге де жете алады.

Цифрлық телевизиялық хабар таратуды дамыту қолжетімді бағдарламалардың санын көбейтеді, интерактивті хабар таратуды енгізеді және халыққа қосымша қызметтер ұсынады. Бұл, сонымен қатар, тұрғындарды көп бағдарламалық ТВ хабар таратумен қамтудағы сәйкессіздіктерді жоюға, елдің барлық тұрғындарына ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етуге, телебағдарламалардың кескіні мен дыбысының сапасын жақсартуға көмектеседі.

Бұл жаңа дәуірдің тууы және біз осындай таңғажайып өзгерістің куәгері ғана емес, тарихи процестің белсенді қатысушылары да болып отырмыз.
22 тамыз 2022 ж. 247 0