Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақстан және Кореяның парламентшілері кездесті

Қазақстан және Кореяның парламентшілері кездесті

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Корея Республикасы Ұлттық Жиналысындағы Парламентаралық достық тобының төрағасы У Вон Шикпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Келіссөз барысында Қазақстан басшысының 2021 жылы Корея Республикасына сапары кезінде қол жеткен уағдаластықтар аясында екі ел арасындағы ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Тараптар біздің елдеріміздің сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастығының қарқынды дамуын атап өтіп, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетудің маңызына тоқталды.

Жүздесушіге Қазақстандағы конституциялық реформаның мән-маңызы туралы ақпарат айтылды. «Бүгінде біздің еліміз өз дамуындағы тарихи маңызды кезеңде тұр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңғырту жөніндегі күн тәртібі жүзеге асуда, онда барлық өзгерістер қамтылып отыр. Еліміздің саяси жүйесін одан әрі демократияландыру – басты бағыттардың бірі», деді Асқар Шәкіров.

У Вон Шик Қазақстандағы демократиялық реформалар Кореяда мұқият қадағаланып отырғанын және оларды құптайтынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша парламентаралық ынтымақтастық байланыстары бойынша одан әрі өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
03 тамыз 2022 ж. 515 0