2022 жылдың шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Шілдеде қазақстандықтар екі мерекені атап өтеді – Астана күні және Құрбан айт мерекесі. Биыл Астана күні – 6 шілде, яғни сәрсенбіге түседі. Бұл ретте демалыс күндер ауыстырылмайды. Осылайша, қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында да, алты күндік жұмыс аптасында да бір күн – 6 шілдеде демалады.
Мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні сенбі, 9 шілдеге түсіп тұр. Бұл күн демалыс күні болған соң әрі сенбіге түсетіндіктен, басқа күнге ауыстырылмайды