Тазалықшылар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Аймақ басшысы қытымыр қысқа да, аптап ыстыққа шыдас беріп, күні-түні қызмет жасап жүрген тазалықшылардың еңбегі жоғары екенін атап өтіп, қала әкіміне олардың 1 маусымнан бастап қоғамдық көлікте тегін жүруіне жағдай жасауды тапсырды.
Бүгін қала әкімі Асылбек Шәменов “Қызылорда-тазалығы” мекемесіне барып, қызметкерлеріне уәде етілген тегін билеттерді табыстады.