Ауыз ашар мен ауыз бекіткенде не ішкен жөн?
Өмірде дұрыс тамақтанудың маңызы ерекше. Оны бәріміз білеміз. Әсіресе, рухани әрі тәндік ләззат алатын, ағзаны тазартып-жақсартатын оразада дұрыс тамақтану одан да маңызды. Ендеше сәрісі мен ауыз ашарда не ішіп, не жеуге болады – сол жайлы айтқан мамандардың пікірін massaget.kz жинап көрді.
Тағамтанушы, ҚР ҰҒА академигі Төрегелді Шарманов ораза ұстаған жандарға сәресі мен ауызашуға пайдасы мол мынадай тамақ рационын ұсынады.
Академиктің айтуынша, ауызашардың тағамын екі бөліп жеген жөн.
"Алдымен, 1 шай кесе су және құрмамен ауыз ашып, 1 сапар кесе сорпа және салат жеген дұрыс. Бір сағаттан кейін 1 сапар кесе майсыз ақуызды бұқтырып, пісіріп жеуге болады. Оған ет, тауық еті, балық, жұмыртқа, үрмебұршақ жатады. Сонымен бірге тұтас дәмді жармадан жасалған бір сапар кесе гарнир, салат және сүт немесе жеміс-жидек десертін тұтынуға болады", – дейді Төрегелді Шарманов.
Ал тағамтанушы сәресіге келесідей тамақ рационын ұсынады:
– 1-2 пісірілген жұмыртқа
– 30 грамм тұздалмаған ірімшік
– зәйтүн майы қосылған көкөністер
– 3-4 дана грек немесе 6-8 дана бадам жаңғағы
– 2 кептірілген өрім
– 1 шай кесе айран
– тұтас дәнді нанның 1-2 тілімі
"Сондай-ақ, ауыз бекітерде ағзадағы су мөлшерін ескерген дұрыс. Өйткені күн ыстықта көп терлесеңіз, термен бірге ағзадағы микроэлементтер шығып кетуі мүмкін. Ал оны сумен толтырасыз. Күніне 2-2,5 литр су ішіңіз. Суға айран мен сүт те жатады", – дейді академик.
Жылы су
Ал "Өмірлік қуат" қазақ сауықтыру орталығының емшісі Бақытбек Рәбілұлының айтуынша, адам денсаулығына зиянын тигізетін екі үлкен нәрсе бар. Бірі – суық болса, екіншісі – дұрыс тамақтанбау. Дұрыс тамақтанбауға көп тамақ жеу, ретсіз ас-су ішу жатады.
"Әсіресе, жылу су ішуге мән беру керек. Суық, салқын суды ішпеңіз. Ол ішкі ағзаларға стресс береді де, адамның иммунды жүйесі нашарлайды. Балтыр сыздау, өкпе-бүйрек ауру, буын мен сүйек қақсау – бәрі осы суықтан болады. Сондықтан оразада ауыз бекітерде де, ауыз ашарда да жылы су ішіңіз. Жылы су дегеніміз – 38 температурадағы су", - деп түсіндіреді.
Емшінің айтуынша, ауыз бекітерде көп тамақ жемеуге тырысу қажет.
"Ұйқыда жатқан ағзаға тағам кептеуге болмайды. Сондықтан барынша аз жеу керек. Күндіз дел-құлы жүрудің себебі де осы көп ас ішуден. Мен өз басым, екі кесе жылы су ішіп, аздап бал деп ауызымды бекітемін. Ал ауыз ашарда жылы су ішіп, кем дегенде, 30 минуттан кейін барып қана асқа отырамын", - дейді Бақытбек Рәбілұлы.