Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Адалдық пен адамдық

Адалдық пен адамдық

Достарым, мен сіздер­ге әжемнен естіген тәр­биелік мәні бар бір әңгі­мені айтып берейін.
Түс кезі. Күн от болып жанып тұр. Біз отырған по­йыз жүрісін баяулатып келіп тоқтай қалды. Стансаның ала­ңы – «қанбазар». Қайда қа­ра­саң да, үйме-үйме қауын мен қарбыз. Жұрт таласып-тармасып қа­ла­­ғанын сатып алып жатыр. Біз де қы­зығып сыртқа шықпаққа ыңғайландық. Сөйт­кенше дәліз жақтан:
– Қауын! Қауын! Кімге қауын? – деген баланың дауысы естілді. Дауыс шыққан жақтан іле-шала сау­дагердің өзі де көрінді. Күнге қақталған, қалқан құлақ қара бала. Көздері жылт-жылт етеді. Екі иы­ғын­дағы екі тор қалта сарала әңгелекке толы. Ше­тінен бәрі доп-домалақ, иісі қандай десеңізші?!
– Екеуін де бере ғой. Мә, мынаны ал, – деп бес жүз теңгені беріп жатырмын. Бала ақшаны алды да:
– Тәте, елу теңге артығым жоқ, қазір әкеліп бе­ре­мін, – деді абыржып.
– Керегі жоқ, айналайын...
– Атам «Ешқашан артық алма, кем берме» деген. Қазір, – деп бала сөз аяғын жүгіріп ала жөнелді. Соңынан ілескендей боп мен де вагон есігіне келдім. Пойыз пысылдап қозғала бастады. «Қап, бекер қинал­ды-ау» деп қоямын іштей. Сөйткенше:
– Тәте, міне, міне, – деп құстай ұшып келе жатқан баланы көрдім. Жылжи берген вагонның тепкішінен созған қолыма елу теңгелікті ұстатып үлгерді-ау, әй­теуір. Ол да, мен де «уһ» деген шығармыз.
Мойнына қарыз қылмағанына қуанып, екі езуі екі құлағына жетіп қалғанын қайтерсің...
Қолын қайта-қайта бұлғап қалып барады. Алыс­таған сайын албырт жүрегінің дүрсілі ап-анық естіліп тұрғандай еді. Бар алғысым «Айналайын-ай» болды. Баланың «Артық алма, кем берме» деген ата сөзіне адалдығы есімде мәңгіге қалып қойды» деп аяқтады әңгімесін әжем.
Мен ұзақ ойланып қалдым. Неткен адал бала...
Достар, адалдық әр адамның бойында болуы ке­рек қасиет. Адалдық, даналық, ақкөңіл, мейірімділік деген сөздер менің жаныма жақын. Себебі әжем осы сөздердің мәні мен мағынасын ұдайы түсіндіріп оты­рады. Ішкі дүниенің адалдығы, тазалығы біздің өмірімізге әсер етеді. Ал адалдықтан кейін ең бастысы еңбекқор болу керек.
Міне, осылай біз әрқашан да адал болып, жақсы қасиетімізді көрсетіп жүруіміз керек.

Несібелі ҚҰРМАНҒАЗИЕВА,
№36 мектеп-лицейдің
5-сынып оқушысы
Жетекшісі: Қаракөз ҚАЛЖАНОВА
26 наурыз 2022 ж. 548 0