Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Бизнестің жол картасы – 2025»: Кәсіпкерлерге қолдау көп

«Бизнестің жол картасы – 2025»: Кәсіпкерлерге қолдау көп

Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікке негізделген жобаларға қолдау көрсетіліп келеді. Қаржыландырылған жобалардың басым бөлігі көтерме және бөлшек сауда, қызмет көрсету, өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, ауыл шаруашылығы және өзге де салаларға тиесілі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брфингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов мәлімдеді.

«Өткен жылы, «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін 4 173,13 млн. теңге, оның ішінде субсидиялауға 2 372,25 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде, несие көлемі 30,9 млрд. теңге болатын 2048 жоба субсидияланып, 1 023 жобаға 6,1 млрд. теңгеге мемлекеттің кепілдігі ұсынылды. Айта кету қажет, өткен жылы субсидияланған жобалар саны жалпы 2010-2020 жылдар аралығындағы жобалардың жалпы санынан 27,5 пайызға артық болды», – деді басқарма басшысы Фердоуси Қожабергенов.

«Дағдарысқа қарсы шараларға өзгерістер енгізу қатарында – «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының арнайы шарттары қарастырылған. Яғни, кәсіпкерлер үшін несие мөлшерлемесін – 6 пайызға, ал субсидиялауға жататын несиелер көлемі – 7 млрд.теңгеге ұлғайтуға және кәсіпкерлер бағдарламаға салалық шектеулерсіз қатысуға мүмкіндік алды. Субсидиялар инвестициялық жобалар 3 жылға, ал айналымдағы қаражатын толықтыруға бағытталған жобалар 2 жылға дейін төленеді», – деді «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысының өңірлік филиалының директоры Жомарт Ермағанбет.

11 ақпан 2022 ж. 547 0