Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 34 газет

30 сәуір 2024 ж.

№ 33 газет

27 сәуір 2024 ж.

№ 32 газет

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Астролог болжамы: қазақстандықтарды ақпан айында не күтіп түр?

Астролог болжамы: қазақстандықтарды ақпан айында не күтіп түр?

Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова қыстың соңғы айы – ақпанға болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Саяси жанжал шығады

Жұлдызнамашының айтуынша, 4 ақпаннан бастап барлық планета қалыпты бағытта айналады. Меркурий мен Плутонның қосылуы адамдардың жан тыныштығына ықпал етеді. Мазасыздық, күйгелектік пайда болады.

Стихиялық митингтер мен радикалды әрекеттерге үндеу байқалады. Халық шындықты, әділ тергеу мен кінәлілерді жазалауды талап етеді. Әбдірайымованың болжамынша, бұл аспекті ақпанның ортасына дейін өте белсенді болады.

"Саясатта дау-жанжал, бір-бірін "әшкерелеу" күтілуде. Ұжым арасына іріткі салатындар кездеседі. Маңызды құжаттармен жұмыс істегенде мұқият болған жөн. Жалпы бұл кезеңде жағымсыз жаңалықтар естуіміз мүмкін", - дейді астролог.

Оның айтуынша, мұның бәрі, әсіресе, айдың 14-і мен 16-сы туған күн Тауешкісі, Тоқты, Шаяндар мен Таразыларға әсер етеді. Алайда осы кезеңде дүниеге келген Бикеш, Торпақ, Сарышаян, Балықтар үшін ықпалды адамдармен байланыс орнату, жаңа таныстар табу мүмкіндігі туады.

Маман айдың басы ота жасатуға жайсыз кезең екенін ескертті. Сонымен қатар, бұл күндері техника бұзылып, байланыс ажырауы мүмкін, жол апаты жиілейді деген болжам бар. Бұдан бөлек, шындықты дәлелдеуге деген ұмтылыс дау-жанжалмен аяқталуы мүмкін.

Ал айдың екінші жартысында Марс және Плутонмен қосылған Венераның энергиясы күшейеді. Бұл қызбалық, ашушаңдық, сезімталдық, жете көңіл бөлмеу, қызғаныш, өкпе-реніш алып келеді.

Венера ақшаға жауап береді. Сол себепті астролог қаржымен етене жұмыс істейтін адамдарға бағалы қағаздар мен келісімшарттарға абай болу керектігін ескертті. Бұл кезеңде ақшаны оңды-солды шашу, ысырапшылдық белең алуы ғажап емес.

Сонымен қатар айдың ортасы мен соңы – пластикалық ота үшін қолайсыз кезең.

Ай күндеріне болжам

1 ақпан – өз ұстанымы мен сенімінен айнымау, өз көзқарасында қалу. Су мен дәріні байқап ішіңіз.

2, 3 ақпан – физикалық және психологиялық тұрғыдан шаршау, өзімшілдік. Адам өзін ешкімге керексіз сезінуі мүмкін, бірақ мұнымен қоса өзінің дұрыстығын дәлелдеуге тырысады.

5, 6, 7 ақпан – өз позициясын білдіруге сәтті кезең. Ойға тың идеялар мен жаңа бастамалар келеді, пікірлестермен командалық жұмыс жүреді.

8, 9 ақпан – қарым-қатынас орнату, еркіндік рухы. Адамның жан-дүниесі тыныштық пен жайлылық іздейді.

10, 11 ақпан – эмоцияға берілу, құбылмалы көңіл-күй, ақыл-ой жұмысы, белсенділік. Адамдар жаңа әсерлерді іздейді.

12, 13 ақпан – үй мен отбасылық тірліктерге, жақын әрі сүйікті адамдармен уақыт өткізуге таптырмас кезең.

15 ақпан – энергия алмасады. Адам туыстарынан гөрі бейтаныс жандармен араласуды, жаңа өзгерістерді қалайды.

16, 17 ақпан – жаңа жоспар құратын күн.

18 ақпаннан бастап күш-жігер жұмсап, ден қоймаса, жоспардың іске асуы екіталай. Бірақ жоспарды нақтыласа, оң нәтижеге қол жеткізуі мүмкін.

22, 23 ақпан – ішкі түйсік, икемділік, бейімделу. Рухани құндылықтарға ғана емес, алыпсатарлық, пайда табу үшін де сәтті кезең.

24 ақпан – албырттық, күтпеген әрекет, ұрыс-керіс. Электр энергиясымен абай болыңыз, тұрмыстық жарақат алуыңыз ғажап емес.

26, 27, 28 ақпан – адамдар сөзге келеді, эмоцияны жасыру қиынға түседі, бір-біріне өкпелейді. Бірақ наурыз айының басында араларындағы мәселені шешіп, татуласады.

Сәтті және сәтсіз күндер

Астролог Юлия Боргенс ақпан айы оңай болмайды деп отыр. Әсіресе Суқұйғыш, Торпақ, Сарышаян, Арыстандарға жұртты сендіру үшін біраз тер төгуге тура келеді.

Сондай-ақ қыстың соңғы айында адамдардың билік пен басшылыққа наразылығы байқалады.

Сәтсіз күндер: 1.02, 14.02, 15.02, 22.02 (кешкі уақыт).

Сәтті күндер: 3.02, 7.02, 12.02, 18.02, 26.02, 27.02.
06 ақпан 2022 ж. 162 0