Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық астролог мамыр айына болжам жасады

Қазақстандық астролог мамыр айына болжам жасады

Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова мамыр айына болжам жасады. Ол бойынша мамыр айында төмендегідей жағдайлар орын алуы мүмкін.

Посткеңестік елдердегі тұрақсыздық
Жұлдызнамашының айтуынша, мамыр айында әлем елдерінде саяси жағдай ушығып, билікте өзгерістер болады. Геосаясат пен экономикадағы ықпалға күрес жалғасады.

«Ресей мен посткеңестік елдерде тұрақсыздық байқалады. Аймақтық қақтығыстар болжанып отыр. Жанжалға, әсіресе мұнай, газ құбырымен байланысты мемлекеттер тартылуы мүмкін», – деп ескертті Әбдірайымова.

Сонымен қатар вакцинация талабы күшейеді. Әуе қатынасына шектеу енгізілуі ықтимал.

Маманның болжамынша, айдың екінші жартысында «қара алтын» бағасы құбылады. Мұнай, бензин, мұнай құбырларымен байланысты апатты жағдайлар орын алуы мүмкін.

Айдың тұтылуы

Бұдан бөлек, ғаламшар халқы 26 мамырда Айдың толық тұтылуына куә болады. Астрономиялық құбылыс Австралия, АҚШ пен Оңтүстік Американың батысында, Оңтүстік-Шығыс Азияда көрінеді.

«Айдың тұтылуы адамдарға күшті эмоция, көңіл-күй сыйлайды. Сондай-ақ ол алған бетінен қайтпау, дауласу, пікірталасты білдіреді. Бұл кезеңде қомақты ақшаға тауар сатып алмаған жөн. Ұрыс-керістен аулақ жүруге тырысу керек. Өйткені артық сөз айтып, ренжітіп алуыңыз мүмкін, тіпті өтірікпен шындықты бұрмалап жіберуіңіз ғажап емес», – дейді астролог.

Әбдірайымова Айдың тұтылуына үш күн қалғанда, бір апталық диетаға отыруға немесе ұзақмерзімді арықтау процесін бастауға кеңес берді. Бұл уақытта денсаулыққа зиянды тағамдарды жемей, жаман әдеттерден арылған абзал.

Оның болжамынша, осы айда энергия, негізінен, үй мен отбасылық проблемаларды шешуге бағытталады. Адамдар бір ай бойы ішкі түйсігіне сеніп, бейсаналы түрде әрекет етеді. Жаңа дүниелерге сенімсіздікпен, күмәнмен қарайды, алды-артын бағамдайды. Отбасына, жақындарына, сүйіктілеріне, Отанына қауіп төніп тұрғанын сезсе, еш нәрседен тайынбайды. Бұл кезде оларды тоқтату мүмкін емес.

Сонымен қатар, астролог мамырда ұлттық негізде халықаралық қақтығыстар болуы мүмкін екенін болжады. Кейбірі көршілерімен жерге таласып қалуы мүмкін.

Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылық, ұрыс-керіс жиілейді деп күтілуде.

Адамдардың көбі тарихи Отанын аңсап, атажұртына қоныс аударуға бел буады.

02 мамыр 2021 ж. 347 0