2022 жылдың ең сәнді түстері аталды

«Сән брендтері маусымнан тыс топтамаларды шығарған кезде, мен олардың ассортиментін зерттедім, содан кейін жиі кездесетін алты түсті таңдадым», - дейді редактор Максин Эггенбергер.
Оның айтуынша, 2022 жылы ең танымал болатын түс – қоңыр-сарғыш. Әсіресе, пальто мен жейде осы түсте болса сәнді болмақ. Сондай-ақ келер жылдың трендіне ашық күлгін және мандарин түстері кіреді. Зәйтүн және бургунд түсінде костюм-шалбар, көйлек және жемпір кисеңіз, кез келген жерде сәнді көрінесіз.
Шоколад түсті киімдер мен аксессуарлар да ерекше назарда болады.
Осы түстегі былғары шалбар, атласты көйлек және көлемді сөмкелер сәнге айналмақ.