Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

№63 газет

22 тамыз 2026 ж.

№62 газет

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Бастауыш сыныптарға қазақтың дәстүрі туралы қосымша сабақ енгізу ұсынылды

Бастауыш сыныптарға қазақтың дәстүрі туралы қосымша сабақ енгізу ұсынылды

Бастауыш сыныптарға қазақтың дәстүрі туралы қосымша сабақ енгізу ұсынылды, деп хабарлайды bilim-all.kz.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ғани Ташқараев педагогтармен және жастармен кездесуде мәлім етті.

«Парламент Мәжілісінің депутаттары арасында бастауыш сынып оқушыларына «Қазақтың салт-дәстүрі» атты қосымша сабақ енгізу мәселесі талқыланды. Өйткені, қазақ елінде дүниеге келген әр бала өз салт-дәстүрі мен тарихын ерте жастан білуі тиіс», - деді Мәжіліс депутаты Ғани Ташқараев.

Кездесуде этносаралық қарым-қатынас, педагогтардың жалақысын көтеру секілді мәселелер қозғалды.

«Әр қазақстандық жастың салт-дәстүрді берік ұстанып, қазақ тілінде еркін сөйлеуіне жағдай жасалуы керек. Сол себептен, бұл мақсатта нақты жұмыстар атқарылатын болады», - дейді Мәжіліс депутаты. Ғани Ташқараев Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатым атыраулық педагогтар мен жастардың бір тобына тапсырды.
26 желтоқсан 2021 ж. 513 0