Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер депрессиямен күресетін өнімдерді атады

Дәрігер депрессиямен күресетін өнімдерді атады

Диетолог, нутрициолог, ұлттық диетологтар қауымдастығының мүшесі Анна Белоусова мезгілге сай күндізгі уақыттың қысқаруына байланысты адамдар көбінесе жаман көңіл-күйде жүретіндігін жеткізді. Қыс мезгілінде күйзелмеу үшін қандай өнімдерді көбірек тұтыну керек екенін айтты.

Диетолог Белоусова депрессиямен күресу үшін қыста құрма, сәбіз және асқабақ жеуге кеңес берді. Күз бен қыс құрма жемісін тұтынатын кезең болып табылады. Ол адам көңіл-күйінің құбылмауына тиімді әсер етеді. Маман соған ұқсас апельсин түстес жемістерді тұтынған жөн екенін айтты.

“Сары түс дабыл белгісін білдіретіндіктен, бұл түстегі алманы тұтыну қажет емес. Оның орынына қызғылт сары түстегі сәбіз, асқабақ, апельсин секілді дәруменге толы жеміс көкеністер көңіл-күйді көтеруде жақсы көмектеседі, қуаныш сезімін сыйлайды. Сонымен қатар, құрманың сарғыш түсінде бета-каротиннің,  яғни провитаминнің көп мөлшері кездеседі. Қыстың басында ағзаға қажет, бұл затты "депрессиямен күресуші" деп атаймыз. Сондықтан осындай өнімдерді үнемі тұтыну керек”,-деп кеңес берді диетолог.

Маман аллергиясы барлар мен диабетпен ауыратындарға бұл өнімді тұтынуға шектеу қойды. Әйтпесе  өнімнің зияны жоқ екенін еске салды.

18 желтоқсан 2021 ж. 335 0